«Заң мен тәртіп»: демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қандай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған?
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және **«Заң мен тәртіп»** қағидатын сақтау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Саябақтар, гүлзарлар, жағажайлар, алаңдар және өзге де көпшілік демалатын орындарға күн сайын тұрғындар мен өңір қонақтары келеді. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішуге, ұсақ бұзақылық жасауға және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Қазақстанда құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заң қолданылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік…
