Ақмола облысында жыл басынан бері 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Биылғы жылдың жеті айында Ақмола облысында 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындары. Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина баяндады. Спикердің айтуынша, жұмыс орындарын құру жөніндегі жылдық жоспардың орындалуы бүгінде 51 пайызға жеткен. Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары және жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары аясында жүзеге асырылуда. «Негізгі бағыттардың бірі – инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Қазіргі таңда мемлекеттік тұжырымдамалар аясында 145 жоба…
