Экономика және бизнес

Қазақстан Өзбекстанға өсімдік майын жеткізуде көшбасшылық орнын сақтап қалды

  Қазақстан қатарынан екінші жыл Өзбекстан нарығына өсімдік майларын жеткізетін ең ірі экспорттаушы ел болып қалып отыр. 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы мамырға дейін Қазақстанның май өңдеу өнімдерінің Өзбекстанға экспорты 553 мың тоннаға жетті. Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8 мың тоннаға немесе 31%-ға артық. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Өзбекстандағы өсімдік майлары нарығындағы үлесі 90%-дан асты. Соңғы бес маусым бойы жеткізілім көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Сонымен қатар, май өңдеу саласы өнімдерінің жалпы экспорт көлемі де артып отыр. Маркетингтік жылдың тоғыз айында Қазақстан шетелге өсімдік майын, күнжара мен шротты 944 млн АҚШ долларына экспорттады. Экспорттан түскен табыс…
Подробнее
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті. 2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды. Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді. Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады.…
Подробнее
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеп келеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеп келеді

2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз (әрқайсысы - 3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасының төмендеуі тіркелді. Өңірлер бөлінісінде бағаның төмендеу үрдісі еліміздің бірқатар қаласында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Ақтауда (-0,7%), Қонаевта (-0,3%), Жезқазған мен Петропавлда (әрқайсысы -0,2%), Тараз, Қарағанды және Түркістанда (әрқайсысы -0,1%) төмендеді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды. Республика бойынша қиярдың орташа бағасы…
Подробнее

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

  Есепті кезеңде республикада майлылығы 85% аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% артық. Күнбағыс майы өндірісінде де оң өсім сақталуда. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% көп.
Подробнее
Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді 2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі – 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна). Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең. Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетуде. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына…
Подробнее

Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан. Экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ құрады. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды. Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.
Подробнее

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Атом электр станциясының құрылысы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның негізгі инфрақұрылымдық жобаларының біріне айналады. Қазақстанда электр энергиясын тұтыну жыл сайын орта есеппен 3-4% - ға артады. Әсіресе жоғары өсім елдің оңтүстік аймақтарында байқалады, мұнда тұтынылатын электр энергиясының едәуір бөлігі Солтүстік энергетикалық аймақтан келетін ағындармен жабылады. Мұндай жағдайда атом электр станциясының құрылысы энергиямен жабдықтаудың ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз етуге және экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті стратегиялық шешім болып табылады. Жоба өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Станцияны салу және одан әрі пайдалану барысында мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылып, кәсіби оқыту…
Подробнее
Алматының туризм әлеуетін арттыратын жоба

Алматының туризм әлеуетін арттыратын жоба

Мегаполисте «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шара барысында туризм саласын дамыту, Алматы тау кластерінің әлеуеті және халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов өз сөзінде Қазақстандағы туризм саласының кейінгі жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылы ел ішінде қонақүйлерге орналасқан туристер саны 8,6 миллион адамға жеткен. Сонымен қатар, еліміздегі орналастыру нысандарының саны артып, туристік инфрақұрылым кеңейіп келеді. Спикер Алматының Қазақстандағы негізгі туристік және халықаралық әуе хабы ретіндегі маңызына ерекше тоқталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы қонақүйлер мен орналастыру орындары шамамен 2,5 миллион туристке қызмет көрсеткен. Оның ішінде 1,7 миллион…
Подробнее
Қазақстанда жылына 10 млн тонна өңдейтін ірі мұнай өңдеу зауытын салуға дайындық басталды

Қазақстанда жылына 10 млн тонна өңдейтін ірі мұнай өңдеу зауытын салуға дайындық басталды

Астана, 20 мамыр 2026 жыл Қазақстанда қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдей алатын төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салу жобасы практикалық іске асыру кезеңіне өтуде. Жоба бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу басталды. Қазақстанда болашақта мұнай-химия кластерінің орталығына айналуы мүмкін ірі мұнай өңдеу кешенін салуға дайындық жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруға дайындық басталды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу және мұнай-химия саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде жобаны ведомствоаралық деңгейде үйлестіруді жүзеге асырады. Жобаның тапсырыс берушісі — SK Ondeu («Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы). Алты ай ішінде халықаралық…
Подробнее
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова қатысты. Кездесу барысында Қазақстанда импортты алмастыру және электронды өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында әлемдік нарықтағы жетекші компаниялардың бірі – Nuctech компаниясының тексеру-өткізу жабдықтарын ел аумағында өндіру мәселесі талқыланды. Жоба Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті хаб ретіндегі позициясын нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Өндіріс қуаттарын іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отыр. Жоба аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи жүйелер, оның ішінде Kylin…
Подробнее