Қоғам

Қызметтік иттер «Қарасора-2026» операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті

Қызметтік иттер «Қарасора-2026» операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті

1-ден 1 слайд. Қызметтік иттер "Қарасора-2026" операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті 20 шілде 2026 09:27 Көру саны:67 Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы "Қарасора - 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда. - Маусым айынан бастап қарасора өсетін өңірлерде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Операцияға полиция қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда. Сонымен қатар тікұшақтар, дрондар және Жерді ғарыштан бақылау технологиясы қолданылуда. Шу өңірі ерекше назарда. Мұнда дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды. Сондай-ақ қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы қызмет атқаруда. Олар автожолдарда, теміржол объектілерінде және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда тексеру…
Подробнее

Оңай табыс – ауыр жауапкершілік: дроппер деген кім және алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолы

Интернет-алаяқтық бүгінде Қазақстандағы ең кең таралған қылмыстардың біріне айналды. Алаяқтар азаматтардың ақшасын тікелей ұрлаумен ғана шектелмей, қылмыстық жолмен алынған қаражатты жасыру үшін «дропперлерді» пайдаланады. Көп жағдайда мұндай адамдар өздерінің заңсыз әрекетке араласып жатқанын да білмейді. «Бірнеше минуттық жұмыс», «оңай табыс», «тәжірибе қажет емес» деген жарнамаларға сенген азаматтар кейін өздері қылмыстық схеманың бір бөлігіне айналып, заң алдында жауап беруге мәжбүр болуы мүмкін. Дроппер деген кім? Дроппер – өзінің банк картасын, банктік шотын немесе мобильді банкингін бөтен адамдарға пайдалануға берген тұлға. Алаяқтар жәбірленушіден ұрланған қаражатты алдымен дроппердің шотына аударады. Кейін бұл ақша басқа есепшоттарға жіберіледі немесе қолма-қол шешіліп алынады. Осылайша қылмыстық жолмен…
Подробнее

«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін беруде

«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін беруде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында ауқымды тазалық акциялары ұйымдастырылды. Экологиялық бастамаларға жүздеген ерікті, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді тұрғындар қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты. Экологиялық іс-шаралардың негізгі алаңы Аршалы ауданындағы Астана су қоймасы болды. Мұнда 150-ге жуық ерікті жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Акцияға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнайы қатысып, еріктілермен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жаз мезгілінде өзен-көлдердің жағалауы тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады. Алайда кейбір азаматтардың демалыстан кейін тұрмыстық қалдықтарды…
Подробнее

Ақмола облысында Jańa Dala / Green Day-2026 халықаралық көрмесі өтті

  Ақмола облысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ірі іс-шаралардың бірі – Jańa Dala / Green Day-2026 халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы өтті. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған мерейтойлық көрме Целиноград ауданында өтіп, озық технологияларды таныстыруға, тәжірибе алмасуға және агроөнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Көрменің ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, дипломатиялық корпус өкілдері мен аграрлық қауымдастық мүшелері қатысты. Көрменің ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы көрменің Ақмола облысында өтуі кездейсоқ таңдау емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңір 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі мақсатқа нық қадам…
Подробнее

Көкшетау қ. прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Zhastarmen» жобасы іске асырылуда

Көкшетау қ. прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Zhastarmen» жобасы іске асырылуда Көкшетау қаласының прокуратурасы «Zhastarmen» жобасы аясында Полиция басқармасымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі заттары заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Аталған іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болған фактілері анықталып, олар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру. Ақмола облысының прокуратурасы
Подробнее
Алтынды өңдейтін жасырын цех Ақмола облысында анықталды

Алтынды өңдейтін жасырын цех Ақмола облысында анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды. Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді. Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды. Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік…
Подробнее
Ақмола облысының әскери міндеттілері есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік туралы ақпарат алды

Ақмола облысының әскери міндеттілері есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік туралы ақпарат алды

  «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны барысында Ақмола облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараны №99265 әскери бөлімі ұйымдастырып, оның мақсаты қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын сақтау, пайдалану және заңсыз тарату үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып, заңнамадағы соңғы өзгерістерді түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тарту үшін қолданылатын қылмыстық тәсілдер жөнінде ақпарат берді. Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі – жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу болды. Әскери міндеттілердің басым бөлігі отбасылы азаматтар болғандықтан, полиция қызметкерлері химиялық тәуелділіктің алғашқы белгілерін түсіндіріп, ата-аналар…
Подробнее
«Заң мен тәртіп»: Көлік терезесінен қол мен басты шығаруға болмайды

«Заң мен тәртіп»: Көлік терезесінен қол мен басты шығаруға болмайды

**«Заң мен тәртіп»** қағидаты аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Соңғы уақытта көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың қолын, басын немесе денесінің басқа бөліктерін терезеден және люктен шығаруы жиі кездеседі. Мұндай әрекет тек тәртіп бұзушылық қана емес, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Көлік кенет тоқтағанда, бұрылғанда немесе жолдағы басқа көлікпен не кедергілермен жанасқан жағдайда жолаушы ауыр жарақат алуы мүмкін. Сондықтан жүргізуші де, жолаушы да жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің **593-бабының 1-2-бөлігіне** сәйкес, **жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сондай-ақ олардың қозғалыс кезінде көлік құралының терезесінен немесе…
Подробнее
Ақмола облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында іс-шара өткізді

Ақмола облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында іс-шара өткізді

Ақмола облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында іс-шара өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың өзекті мәселелері, оны жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдері мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағыттары талқыланды. Кездесу барысында өңірде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, қабылданған шаралардың тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған бірлескен міндеттер айқындалды.
Подробнее

Жеңіл табысқа сенбеңіз: қаржы пирамидалары мыңдаған қазақстандықты алдауды жалғастыруда

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «100 мың теңге салыңыз – бір айда үш есе табыс табасыз», «тәуекелсіз жоғары кіріс», «жабық инвестициялық клубқа қосылыңыз» деген жарнамалар әлі де жиі кездеседі. Мамандар мұндай ұсыныстардың басым бөлігі қаржы пирамидаларының белгілеріне ие екенін ескертеді. Қаржы пирамидалары – жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен бұрын кіргендерге төлем жасайтын алаяқтық схема. Мұнда нақты инвестиция да, тұрақты бизнес те болмайды. Жаңа салымшылар азайған сәтте жүйе күйреп, ұйымдастырушылар қаражатпен бірге жоғалып кетеді. Қандай тәсілдер қолданылады? Бүгінде қаржы пирамидалары әртүрлі атаумен ұсынылады. Олар өздерін «инвестициялық клуб», «қаржылық қауымдастық», «бизнес-жоба» немесе «пассивті табыс көзі» ретінде таныстырады. Кең таралған схемалардың қатарында: көп деңгейлі…
Подробнее