Адал еңбек – арлы адамның ісі
Ауа-райының ыстық-суығына қарамастан, қаланың таза да көрікті болуына атсалысып жүрген жұмысшылардың еңбектері зор. Әсіресе, қыс мезгілінде мұз ойып, қар күреу, жаз айларында ағаштарды әктеп, айналаны қоқыстардан тазарту нағыз еңбек адамының ісі. Қарап отырсақ, көше тазалап ауыр жұмыс істейтіндердің дені – нәзік жандар. Жұмыстың ауырына қарамай ер адамдармен қатар жұмыс жасап жатқант аяулы да абзал жандар таңнын атысынан кешке дейін аянбай еңбек етуде. «Еңбек адамы» жобасының бүгінгі кейіпкері - «Көкше Тазалық» ЖШС-нің бригадирі Күліш Азбаева. Күліш апай осы салада 15 жылдан астам еңбек етіп, өз напақасын тауып жүрген еңбек адамы. Күліш Амангелдіқызының 4 қызы, 13 жиен- немересі бар іргелі отбасы. Бүгінде…
