Ақмола облысында Президент Жолдауындағы басым бағыттар талқыланды

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағыжоғары мәдениет колледжінің еңбек ұжымыменМемлекет басшысының Қазақстан халқынаЖолдауының негізгі бағыттарын түсіндіругеарналған кездесу өтті.

Іс-шараға «Әділет» партиясының белсенділері — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіректорының кеңесшісі Аманбай Сейтқасымов,мәдениет саласының көрнекті қайраткері АйгүлСәбитова, Ақмола облысы бойынша «Аналар үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Құралай Жұмабековажәне «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақмолаоблыстық филиалының төрағасы СултанбекБекешев қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — Мемлекетбасшысының Жолдауында айқындалғанстратегиялық міндеттер мен маңыздыбастамаларды кеңінен түсіндіру, олардың елдіңжәне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуынаықпалын талқылау.

Жиында Ақмола облысына қатысты Жолдаудакөтерілген мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ет кластерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығыөнімдерін терең өңдеу, инвестиция тарту жәнежаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Көкшетау— Петропавл автомобиль жолын кеңейту жөніндегітапсырмасының өңір үшін маңызы атап өтілді. Аталған жобаның жүзеге асырылуы көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіруге, өңіраралық байланысты нығайтуға және облыстыңэкономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ақмола облысы — еліміздің агроөнеркәсіптікәлеуеті жоғары өңірлерінің бірі. Бүгінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оларды терең өңдеу, заманауи технологиялардыенгізу және білікті мамандар даярлау аса маңызды. Мемлекет басшысы Жолдауындаайқындалған міндеттер білім беру жүйесі мен экономиканың нақты секторы арасындағыбайланысты нығайтуды талап етеді. Сондықтан еңбек нарығының сұранысына саймамандар даярлауға ерекше көңіл бөлуімізқажет», — деді Аманбай Сейтқасымов.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2027 жылды Жалпыұлттық құрылыс жылы депжариялауына байланысты әлеуметтікинфрақұрылымды жетілдіру, жаңа білім беру, мәдениет және спорт нысандарын салу мәселелеріде талқыланды.

Өз кезегінде Айгүл Сәбитова мәдениет саласындамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жәнешығармашыл жастарды қолдау мәселелерінетоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан іріинфрақұрылымдық жобалар туралы айтты.

«Мемлекет басшысы жариялағанЖалпыұлттық құрылыс жылы өңірлердіңәлеуметтік және мәдени инфрақұрылымындамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Көкшетауқаласында жаңа қазақ музыкалық—драма театрының ашылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бурабайдағы Promenade Burabayаумағында жалпы ауданы 13 мың шаршы метргежуық көпфункционалды конгресс-орталықтыңқұрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын2028 жылы аяқтау жоспарланған. Мұндайауқымды жобалар өңірдің мәдени және туристікәлеуетін арттыруға, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге, шығармашыл жастардыңкәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі мәдениетошақтарын жаңғырту, жас таланттардықолдау және ұлттық өнерімізді дәріптеу де маңызды міндеттердің бірі болып қала береді», – деді Айгүл Сәбитова.

Ал Ақмола облысы бойынша «Аналар үйі» қоғамдық қорының жетекшісі ҚұралайЖұмабекова отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдаужәне балалардың құқықтары мен мүдделерінқамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Алты баланы дүниеге әкеліп, 16 баланы бауырынабасқан Құралай Жұмабекова бала тәрбиесіндегіжеке тәжірибесімен бөлісіп, отбасылыққұндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атапөтті.

«Отбасы — қоғамның басты тірегі, ал бала — еліміздің болашағы. Әрбір бала мейірімге, қамқорлыққа және бақытты балалық шаққалайық. Мемлекет басшысының Жолдауындабелгіленген әлеуметтік міндеттерді жүзегеасыру барысында ана мен баланы қорғауға, отбасыларды қолдауға және қиын өмірлікжағдайға тап болған аналарға көмек көрсетугеерекше көңіл бөлу қажет. Әр баланыңотбасында тәрбиеленіп, сапалы білім алуынажәне жан-жақты дамуына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Өйткені берекеліотбасы — тұрақты әрі өркендеген қоғамныңнегізі», — деді Құралай Жұмабекова.

Султанбек Бекешев жастар саясатын дамыту, жасмамандарды жұмыспен қамту, олардың кәсібиәлеуетін арттыру, қоғамдық белсенділігін күшейтужәне жастардың бастамаларын қолдаумәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында колледждің еңбек ұжымы өздерінтолғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар Мемлекетбасшысының Жолдауында белгіленген міндеттердіөңір деңгейінде жүзеге асыру жолдары жөніндепікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться