Дауыс үшін тартыс жалғасуда: партиялар не ұсынып отыр? Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесуде
«Әділет» өңірлік сапарын жалғастыруда: басты назарда – ауылды дамыту және әділетті қоғам «Әділет» партиясының өкілдері «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында өңір тұрғындарымен кездесулерін жалғастырды. Бұл жолы партия өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барып, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, елді мекендердегі ең өзекті мәселелерді талқылады. Кездесулер қорытындысында тұрғындар ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты 100-ге жуық ұсыныс айтты. Спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туризм саласының өкілдерімен өткен кездесулерде параспортшыларды қолдау, балалар және бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын салу, ауыл жаттықтырушыларына грант бөлу, сондай-ақ ArtSport және Damubala бағдарламаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді. «НОВОПЭК» кәсіпорнында партия өкілдері отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту жоспарларына тоқталды. Сондай-ақ…
