Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті
2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны 28,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 841 – 17,5%) және Астана (6 436 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 772 – 9,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 360 мәміле (0,9%) тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда мәмілелер санының өсуі барлық өңірлерде байқалады. Ең жоғарғы өсім Маңғыстау (+67,4%), Қарағанды (+43,4%) және Атырау (+40,9%) облыстарында тіркелді. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 25,9% (6 051 мәмілеге) өсті.…
