Инвестициялық климатты жақсарту: өңір үшін жаңа мүмкіндіктер
Инвестиция – бұл жай ғана жобаларға қаржы құю емес, ол инфрақұрылымды дамыту, өндірістерді жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі кілті. Ақмола облысында инвестициялық климатты жақсарту бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылып, бұл отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ықпал етуде. 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 563 млрд теңгені құрады, оның 60 пайызы жеке инвестицияларға тиесілі. Бұл бизнестің белсенділігі мен өңірді дамытуға деген қызығушылығын көрсетеді. Инвестициялық саясаттың арқасында өткен жылы 109,6 млрд теңгеге 187 жеке инвестициялық жоба іске асырылып, 1,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осы ретте, Аршалы ауданында жел электр станцияларын салу, Целиноград ауданында 1500…