Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды
Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай өңірді мерекелік безендіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда облыс қалалары мен аудандарында айтулы датаға арналған көрнекі безендіру элементтері орнатылып, ғимараттардың қасбеттері мен LED-экрандарда мерекелік символика орналастырылуда. Сондай-ақ көшелер мен қоғамдық орындарда мерейтойлық мазмұндағы безендіру жұмыстары жүргізіліп, өңірдің мерекелік келбеті қалыптастырылуда. Сонымен қатар, облыс аумағында Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан түрлі мәдени-көпшілік, қоғамдық және өзге де іс-шараларда мерейтойдың ресми символикасы белсенді қолданылуда. Бұл өз кезегінде мерекелік шаралардың бірыңғай мазмұндық және көрнекі үлгіде өтуіне ықпал етеді. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – еліміздің ең маңызды тарихи белестерінің бірі саналатын Тәуелсіздік күнінің мән-маңызын айшықтап, тұрғындарға…
