Ақмола облысының Зеренді ауылында тұратын азамат маркетплейстен сатып алған автотауарды қайтара алды
Ақмола облысының Зеренді ауылында тұратын азамат Wildberries маркетплейсі арқылы автомобильге арналған керек-жарақты сатып алу кезінде қиындыққа тап болды. Ол Haval маркалы автокөлікке арналған төбеге орнатылатын жүк салғышқа тапсырыс берген, алайда жеткізілген тауар сипаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген. Тапсырыс қаңтар айының соңында жеткізілген. Орнату барысында жүк салғыштың бекіткіштері басқа болып шыққаны және көрсетілген автокөлік үлгісіне сәйкес келмейтіні анықталған. Осыған байланысты тауарды пайдалану мүмкін болмаған. Сатып алынған тауардың құны 35 300 теңгені құрады. Мәселені өз бетінше шешу мүмкін болмаған соң, тұтынушы Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Департамент мамандары тарапынан құқықтық және консультациялық көмек көрсетіліп, тұтынушыға талап…
