Қоғам

400-ге жуық көкшетаулық Қазақстан Полициясы күніне арналған марафонға қатысты

  20 маусым күні «Жаңа жағалауда» Қазақстан Полициясы күніне арналған спорттық мереке өтті. Жаппай жарысқа 400-ге жуық адам – полиция қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіби спортшылар мен жеңіл атлетиканы сүйетіндер қатысты. Іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жылы марафон ішкі істер органдары жүйесінде «Арлан» спорт клубының ашылуына, сондай-ақ Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналды. Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтын, дене белсенділігін насихаттау және есірткі құралдарын қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, марафон Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталып, қоғамда заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті. Мерекеге қатысушылар мен қонақтар…
Подробнее
Ақмола облысында полицейлер «Ішімдіксіз ауыл» ЖПІШ барысында вейптердің ірі партиясын тәркіледі

Ақмола облысында полицейлер «Ішімдіксіз ауыл» ЖПІШ барысында вейптердің ірі партиясын тәркіледі

  17 маусымда Атбасар қаласындағы базарлардың бірінің аумағында учаскелік полиция инспекторлары айналымға тыйым салынған никотинді тұтынудың электрондық жүйелерін сақтау фактісін анықтады. Сауда контейнерлерінің бірінен 57 вейп табылып, тәркіленді. Тергеу барысында өнім Астанадан сатып алынып, одан әрі сатуға арналғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, "Waka 6000" құрылғыларының бірлігі 5 мың теңгеден, ал "Waka 8000" құрылғылары 6 мың теңгеден сатылған. 35 "Waka 6000" және 22 "Waka 8000" құрылғылары тәркіленді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер құрамында никотин бар өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары никотинді тұтынудың электронды жүйелерінің заңсыз айналымы жауапкершілікке әкелетінін және оларды қолдану…
Подробнее

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді. Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын тұрақты жұмысы бар ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді…
Подробнее
Көкшетауда «Қауіпсіз жол-балалар үшін» атты ауқымды акциясы өтті

Көкшетауда «Қауіпсіз жол-балалар үшін» атты ауқымды акциясы өтті

Ақмола облысының прокуратурасы Полиция департаменті және әкімдікпен бірлесіп, оқушылардың жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз жол-балалар үшін» ауқымды оқыту іс-шарасын өткізді. Акция 1-6 сынып оқушыларын қамтып, оқу тәжірибесі үшін жаңа форматты - жол-көлік жағдайларының шынайы визуалды қойылымдарын ұсынды. Бағдарлама барысында шын автомобильдер, арнайы манекендер және ЖКО қайталанатын сценарийлерінің сериялары пайдаланылды. Әрбір қойылым - оқиғаның себептері, салдары, әдеттегі қателіктер және баланың жолдағы дұрыс әрекеттерінің алгоритмі егжей-тегжейлі зерттелді. Мұндай әдіс балаларға ықтимал қауіптерді тереңірек түсінуге, қауіпті жағдайды эмоционалды сезінуге және қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін бекітуге мүмкіндік береді. Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы жауаптылықты қалыптастыру - ерте жастан басталатынын, ал мұндай тәжірибеге…
Подробнее
«Restart» жобасы: жаңа өмірге бастар мүмкіндік

«Restart» жобасы: жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, «Restart» жобасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары мен тұрғын үй бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Отбасы банк» АҚ мамандары және құрылыс компанияларының өкілдері қатысып, тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндірді. «Restart» жобасы бір жылдан астам уақыттан бері Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәселелерін…
Подробнее
Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті

Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті

6 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады. Осындай экологиялық…
Подробнее
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ МЕН OPENAI СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ МЕН OPENAI СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

Астанадағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңсесінде OpenAI компаниясы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға бағытталған бірлескен жобаның іске асу барысы мен алғашқы нәтижелері таныстырылды. Кездесуде қатысушылардың назарына көлемі 10 миллиардтан астам токеннен тұратын қазақ тілінің мәтіндік корпусы (Kazakh Text Corpus), 10 мың сағаттан асатын дыбыстық деректер қоры (Speech Corpus) және үлкен тіл модельдерін бағалауға арналған AI Evaluation Benchmark Suite жинағы ұсынылды. Бұл ауқымды бастама 2025 жылғы 7 қарашада Вашингтонда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI арасында жасалған келісім аясында жүзеге асып жатыр. Жобаның басты мақсаты – сапалы цифрлық контент пен сенімді деректер қорын қалыптастырып, үлкен тіл…
Подробнее
Көктемгі әскерге шақыру: Қазақстан Қарулы күштері толық жасақталды

Көктемгі әскерге шақыру: Қазақстан Қарулы күштері толық жасақталды

  Елімізде Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр. 1 маусымдағы жағдай бойынша Қарулы күштерді, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметін және Төтенше жағдайлар министрлігін жасақтау жоспары толық көлемде орындалды. Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің мәліметінше, жаңа шақырылғандардың басым бөлігі жас сарбаздар курсын аяқтап үлгерген. Әскери қызметшілер жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық және атыс дайындығының негіздерін меңгерген, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысқан. Дайындықтың қорытынды кезеңі ретінде салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өткізілді. Қазірдің өзінде мерзімді қызметтің сарбаздары әскери өмірге сәтті бейімделіп, өз міндеттерін атқаруға кірісті. Несие міндеттемелері бар…
Подробнее

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Софиевка ауылдық округінде қоршаған ортаны қорғау, табиғи су көздерін сақтау және туған жердің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Аталған акцияның негізгі мақсаты - табиғи су көздерін сақтау және абаттандыру, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттау болып табылады. Іс-шараға Софиевка ауылдық округінің әкімі, ауыл тұрғындары, жастар және «Алаш» жастар футбол клубының мүшелері белсенді қатысты. Акция барысында бұлақ маңы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Қатысушылар табиғи су көздерінің тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Акция барысында ауыл…
Подробнее

Бурабай ауданында «Таза Қазақстан — Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

  Бурабай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында табиғи бұлақ көздерін сақтау, бұлақ аумақтарын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара аудан аумағындағы табиғи бұлақтардың маңында ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушылар бұлақ маңындағы аумақтарды қоқыстан және қураған шөптен тазарту, бұлақ көздерін санитарлық тазалау, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Акцияға мемлекеттік мекеме өкілдері, еріктілер, жастар, қоғамдық бірлестіктер және аудан тұрғындары қатысты. «Мөлдір бұлақ» акциясы Бурабай ауданында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы маңызды экологиялық шаралардың бірі болды. Мұндай бастамалар тазалық пен тәртіпті сақтауға ғана емес, табиғи ресурстарды қорғауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға…
Подробнее