Қоғам

Интернет-мошенничество: за деньги, переданные мошенникам, отвечают не только организаторы

Интернет-мошенничество: за деньги, переданные мошенникам, отвечают не только организаторы

  Интернет-мошенники постоянно меняют схемы обмана. Сегодня они могут использовать поддельные сайты, мессенджеры, видеозвонки, искусственный интеллект и даже технологии дипфейка, чтобы выдавать себя за сотрудников банков, полиции, государственных органов или известных людей. Однако важно помнить: участие в мошеннической схеме не освобождает от ответственности только потому, что человек утверждает, что «не знал» о преступлении. Особое внимание следует обратить на так называемых дропперов — людей, которые за вознаграждение предоставляют свои банковские счета, карты или доступ к ним другим лицам либо участвуют в переводе денежных средств в интересах третьих лиц. В Казахстане за такие действия предусмотрена уголовная ответственность по статье 232-1 Уголовного кодекса.…
Подробнее
Интернет-алаяқтық: жауапкершіліктен жалтаруға болмайды

Интернет-алаяқтық: жауапкершіліктен жалтаруға болмайды

Интернеттегі алаяқтық тәсілдері күн сайын өзгеріп, күрделене түсуде. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған сайттарды, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, бейнеқоңырауларды, жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын пайдаланады. Олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстыруы мүмкін. Алайда ең бастысы — алаяқтардың сөзіне сеніп қана қоймай, олардың қылмыстық әрекетіне қатысып кетпеу. Қазіргі кезде азаматтарды заңсыз схемаларға тартудың кең тараған тәсілдерінің бірі — банк картасын немесе шотын басқа адамдарға беру. «Картаңды бер, ақша табасың», «шотыңа ақша түседі, ары қарай аударып жібересің», «тек картаң керек» деген сияқты ұсыныстардың артында қылмыстық схема тұруы мүмкін. Мұндай жағдайда адам өзінің банк картасын немесе…
Подробнее
Заң және тәртіп: мал ұрлығының алдын алу – ортақ міндет

Заң және тәртіп: мал ұрлығының алдын алу – ортақ міндет

Мал ұрлығы – азаматтардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстардың бірі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстың жасалу тәсіліне, келтірілген залал көлеміне және басқа да мән-жайларға байланысты кінәлі тұлғаға жаза тағайындалады. «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуде қылмыстың алдын алу маңызды орын алады. Осы бағытта құқық қорғау органдары мал ұрлығының жолын кесуге, оның алдын алуға және қылмыстарды ашуға бағытталған профилактикалық және жедел-іздестіру шараларын жүргізеді. Мал иелері де қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет. Атап айтқанда: * малды қараусыз қалдырмау; * жайылымда жүрген малды тұрақты бақылауда ұстау; * қора-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; * малды уақытылы бірдейлендіру және есепке қою;…
Подробнее
Дұрыс таңдау жаса – спорт есірткіге қарсы

Дұрыс таңдау жаса – спорт есірткіге қарсы

  Профилактикалық жұмыс аясында жаттықтырушылар мен спорт саласының өкілдерінің қатысуымен «Дұрыс таңдау жаса. Спорт есірткіге қарсы» атты диалог алаңы өтті. Кездесуде Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі, Аналар кеңесінің мүшесі Разия Курсанова спикер ретінде сөз сөйледі. Кездесудің негізгі тақырыбы – балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алудағы жаттықтырушының рөлі болды. Өйткені жаттықтырушы бала үшін спорттағы тәлімгер ғана емес, сонымен қатар сенім артатын ересек адамға айналады. Диалог барысында қазіргі заманғы қауіп-қатерлер, жасөспірімдердің есірткі ортасына тартылу себептері және ересектер назар аударуы тиіс белгілер талқыланды. Жаттықтырушылардың ата-аналармен өзара байланысына және баламен дұрыс сөйлесудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қатысушылар профилактика тек…
Подробнее

Еңбек ететін адамның әлеуметтік қорғалуы: еңбек құқықтарынан зейнетақы кепілдіктеріне дейін

Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда "Еңбек күні" аталып өтеді. Бұл әр адамның өміріндегі еңбектің маңыздылығын және азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтаудың маңыздылығын еске түсіруге себеп. Ресми жұмысқа орналасу — бұл тек жалақы алу мүмкіндігі ғана емес. Ол жұмыскердің заңнамада көзделген еңбек және әлеуметтік кепілдіктерге ие болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақ зейнетақымен қамсыздандырудың негізін қалыптастырады. Еңбек құқықтары: Әрбір жұмыскердің қауіпсіз еңбек жағдайларына, еңбегіне уақтылы және тиісті ақы төленуіне, демалуға, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына және еңбек заңнамасында көзделген басқа да кепілдіктерге құқығы бар. Егер еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, азамат өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік…
Подробнее
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» аясындағы ауқымды экологиялық жұмыс жалғасуда

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» аясындағы ауқымды экологиялық жұмыс жалғасуда

  Өңірде абаттандыру, көгалдандыру және аумақтарды тазарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Кезекті ауқымды кезең Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына және халықаралық World Cleanup Day - Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция болды. Оған өңірдің 40 мыңға жуық тұрғыны - белсенділер, волонтерлер, мектеп оқушылары және қоршаған ортаға бейжай қарамайтын азаматтар қатысты. Акция алаңдарының бірі Ақкөл қаласының саябағы болды. Мұнда экологиялық бастамаға қатысушылармен бірге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ағаш отырғызды. «Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы табиғатқа деген құрметтің айқын көрінісіне және жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастырудың белгісіне айналды. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау - әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бүгін ағаш отырғыза отырып, біз…
Подробнее

Қаржылық пирамидалар: жылтыр сыртқы көріністің астарындағы алаяқтықты қалай тануға болады

  Бүгінде қаржылық пирамида бұрынғыдай бірден байқалмайды. Ол өзін инвестициялық компания, криптожоба, халықаралық бизнес немесе онлайн табыс платформасы ретінде таныстыруы мүмкін. Әдемі сайт, жеке кабинет, кеңсе, презентациялар мен жоғары табыс туралы уәделер сенімділік әсерін қалыптастырады. Алайда мұның бәрі жобаның заңды әрі сенімді екенін білдірмейді. 86 мыңнан астам азамат қаржылық пирамидаларға тартылған Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) деректеріне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері 36 қаржылық пирамида жойылып, оларға 86 мыңнан астам азамат тартылған. Осы кезеңде 19 қаржылық пирамидаға қатысты 46 сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған. Мүлікке тыйым салуды ескере отырып, 12,5 млрд теңге залалдың орны толтырылды. Сондай-ақ ҚМА жалған инвестициялық жобалар…
Подробнее

Буллинг үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

  Буллинг – кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде қорлау, қудалау немесе қорқыту. Мұндай әрекеттер интернетте жасалса, ол кибербуллинг болып саналады. Қазақстан заңнамасында буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірім буллинг жасаған жағдайда, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі. Ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 16 жасқа толған жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық үшін заңда белгіленген тәртіппен өзі жауап береді. Сонымен қатар, ата-аналар баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне тиісті деңгейде көңіл бөлмеген жағдайда, заңда көзделген негіздер бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Буллинг – жай ғана балалар арасындағы жанжал…
Подробнее

Бір таңдаудың бағасы

  «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Бір таңдаудың бағасы» атты ашық диалог өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттердің есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу. Кездесудің бұл форматы кездейсоқ таңдалған жоқ. Студенттерге есірткі қылмыстарының салдары тек заң тұрғысынан ғана емес, өз басынан өткен оқиға арқылы да түсіндірілді. Алдымен Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, заңнамадағы соңғы өзгерістер және «оңай ақша табу» жолына түсудің қауіптілігі туралы айтып берді. Кездесу екі жастың студенттік өмірін бейнелейтін қысқа бейнероликтен басталды. Екеуінің де мүмкіндігі бірдей…
Подробнее

Жас мемлекеттік аудитор: мамандықтың сын-қатерлері және кәсіби даму жолдары

  Қазіргі кезеңде мемлекеттік аудит мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етудің және бюджет қаражатын ұтымды пайдаланудың маңызды құралдарының біріне айналды. Аудиторлық қызметті дамытуда жаңа біліммен, цифрлық құзыреттермен және кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ұмтылыспен келетін жас мамандардың рөлі айрықша. Сонымен қатар олардың кәсіби жолының басталуы үздіксіз білім алуды, аналитикалық ойлауды дамытуды және жоғары жауапкершілікті талап ететін бірқатар сын-қатерлермен ұштасады. Бүгінде мемлекеттік аудит мемлекеттік ресурстардың пайдаланылуын бақылау тетігі ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің пәрменді құралы болып табылады. Осы тұрғыда жас мемлекеттік аудиторларды даярлау мәселесі ерекше маңызға ие. Себебі дәл осы жаңа буын мамандары аудиторлық қызметтің келешектегі дамуына…
Подробнее