Қоғам

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі. Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді. Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.…
Подробнее
Қосшыда экоплоггинг: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындар аумақты тазартты

Қосшыда экоплоггинг: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындар аумақты тазартты

Қосшы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экоплоггинг өтті. Шараға мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, қала өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтетін жылы көктемгі абаттандыру маусымының негізгі оқиғаларының біріне айналды. Іс-шара барысында белсенді топтар бекітілген аумақтарды тазалап, физикалық белсенділікті экологиялық волонтерлікпен ұштастырды. Кампания басталғалы бері Қосшыда едәуір жұмыс атқарылды: су айдындарының маңы тазартылып, ағаштар әктеліп, балалар алаңдары абаттандырылды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев акцияның тәрбиелік маңызын атап өтті: «Құрметті жас қаламыздың тұрғындары мен қонақтары, белсенді жастар! Бүгін біз «Жаңа қала – Таза қала» атты ауқымды экологиялық акция аясында бір арнаға тоғыстық. Бұл шараға тек қала тұрғындары ғана емес,…
Подробнее
Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Ақмола облысында өткізілетін іс-шаралар туралы

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Ақмола облысында өткізілетін іс-шаралар туралы

​Қазақстан Республикасы  мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 6-10 сәуір күндері Республикалықдеңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған кездесу жұмыстарының мақсатыхалықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру жәнедін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіружұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діниидеялардың таралуын болдырмау және діниэкстремизмнің алдын алу болып табылады. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды. Аталған іс-шараға: Жаканов Сакен Багдатович – Ақмола облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог-маманы, Арман Нұрахметұлы – «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы, Сақан Дастан Дарханұлы - «Qamqor-Astana» ҚҚ «Оңалту…
Подробнее
«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бұл — тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис. Қазақстанда "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда. Аталған сервис 2024 жылдың маусым айында іске қосылып, бүгінде мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді әрі кеңінен қолданылатын арнасына айналды. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданып, артық қоңыраулар мен қосымша жүгінулерді қажет етпейді. Платформаның басты артықшылықтарының бірі — ашықтық. Пайдаланушы әрбір өтінімнің орындалу мәртебесін бақылап отыра алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп ұсынылып, көрсетілген қызметтің…
Подробнее
Ақмолада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті: курсанттар мен оқытушыларға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Ақмолада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті: курсанттар мен оқытушыларға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Ақмола облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі – «Құқықтық дәріхана» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараны Ақмола облысының прокуратурасы Әділет департаментімен бірлесіп өткізді. Сонымен қатар іс-шараға Полиция департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, адвокатура, нотариат және жеке сот орындаушыларының өкілдері қатысты. Акция Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында өтіп, оқу орнының оқытушылары мен курсанттарын қамтыды. Іс-шара барысында қатысушыларға Конституциялық соттың №27 және №38 нормативтік қаулыларының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Шараның басты ерекшелігі – тәжірибелік бағытта ұйымдастырылуы болды. Академияның 100-ден астам оқытушысы мен курсанты нақты құқықтық сұрақтарына жауап алып, білікті мамандардан кеңес алды. Полиция өкілдері интернет-алаяқтардың кең таралған…
Подробнее
Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады. Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту. Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады. Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің…
Подробнее

Абайлаңыз: жалған брокерлер азаматтарды дропперлікке тартуда

Бүгінгі күні қаржылық алаяқтық көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде. Егер бұрын қаскүнемдер ақшаны тек ұрлауға тырысса, қазір олар жәбірленушінің өзі қылмыстық тізбектің бір бөлігіне айналатын күрделі схемалар құруда. Олардың ішіндегі ең қауіпті сипат алып отырғаны - жалған брокерлер мен дропперлік тізбегі. Адамға алдымен «инвестициялау» ұсынылады, содан кейін оны басқа біреудің ақшасын аударуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға тартады. Схема қалай жұмыс істейді: «инвестициялардан» дропперлікке Алаяқтық ешқашан ашықтан-ашық алдаудан басталмайды. Керісінше, барлығы ұқыпты, сенімді, тіпті қауіпсіз болып көрінеді. Адамға алдымен үйренуге, сенуге және алғашқы қадам жасауға уақыт беріледі. 1-кезең. «Тиімді инвестициялық ұсыныс» Барлығы әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі немесе тіпті «тәртіпті» сайттардағы жарнамадан басталады. «Айына…
Подробнее

Жақын адамыңыз алаяқтардың арбауына түсіп қалды: не істеу қажет

Бүгінгі күні екі адамның бірі алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шегіп жатыр. Мұндай жағдайда адам қаскүнемдердің торына түсіп қалғанын бірден түсіне бермейді. Егер де сіз жақын адамыңыз олардың әсеріне түсіп қалғанын байқасаңыз, асқан сақтықпен қимылдаңыз. Бұл жерде тек жалаң фактілер ғана емес, сондай-ақ сенім, эмоция және дұрыс ден қоя білу маңызды. Алаяқтар адамдарды қалайша тартады Схемалардың барлығы дерлік үш негізгі элементке негізделген: эмоциялар, жеделдік және сенім. Бұл іс жүзінде қалай болатынын талдайық. 1-сценарий. «Сіз өз ақшаңызды қорғап қаласыз» Айнұрға күндіз бейтаныс нөмірден қоңырау шалынды. Ер адам өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырды, ол аты-жөнін атап, сабырлы дауыспен: «Біз ақшаны шығару әрекетін тіркедік.…
Подробнее

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі алты жыл бойы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әскери қызметшілердің тағдырын және жерленген орындарын анықтауға бағытталған жүйелі архивтік-іздестіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бірлестіктің миссиясы – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және жастар арасында рухани-адамгершілік әрі әскери-патриоттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы тарихи жадыны сақтауда мемлекетке жәрдемдесу. Қызметтің ауқымдылығын қамтамасыз ету мақсатында 200-ден астам халықаралық және республикалық ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, бұл Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдер аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Арнайы интернет-портал, «жедел желі» және әлеуметтік желілердегі парақшалар құрылды, сол арқылы кез келген азамат өз туыстарын – соғыс қатысушыларын іздеуге тегін өтінім бере…
Подробнее

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1 мобильді дрон жұмыс істеп тұр. Бұл жүйе қауіпсіздік, экологиялық жағдай және тасқын қаупін бақылауда маңызды құралға айналды. Қазіргі таңда қардың белсенді еру кезеңіне байланысты негізгі назар су тасқынының алдын алу шараларына бағытталған. Дрондар арқылы су деңгейі, аумақтардың жағдайы және су басу қаупі бар аймақтар тұрақты бақылауда. Әсіресе қауіпті учаскелерде әуе мониторингі нақты уақыт режимінде жүргізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар өңірдегі экологиялық ахуал да назардан тыс қалмайды. Дрондардың көмегімен аумақтарды тазалау жұмыстары, қар массасының жай-күйі және қарды уақытылы…
Подробнее