Жастар және қоғам: жауапкершілік бастамадан басталады
Жастар – қоғамның ең белсенді әрі жаңашыл бөлігінің бірі. Бүгінде жас буын жаңа идеялар ұсынып, тың бастамаларды жүзеге асырып, қоғамдық өмірге белсенді араласу арқылы елдің дамуына өз үлесін қосып келеді. Дегенмен азаматтық белсенділік тек ауқымды жобалар мен үлкен бастамалардан тұрмайды. Ол ең алдымен күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден, жеке жауапкершіліктен және айналада болып жатқан жағдайларға бейжай қарамаудан басталады. Осы бағытта Біржан сал ауданының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жастар және қоғам: жауапкершілік пен бастама» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға дайын ақпарат ұсыну ғана емес, олардың өз ойларын еркін білдіруіне, пікір алмасуына және қоғамдағы өз рөлін түсінуіне мүмкіндік беру…
