Республика күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер, қадірлі Біржан сал ауданының тұрғындары!

Баршаңызды еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, елдігіміз бен егемендігімізді айшықтайтын, әрбір қазақстандық үшін ерекше мәнге ие қастерлі мереке.

Туған жеріміздің өсіп-өркендеуі, еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығы – баршамыз үшін баға жетпес құндылық. Бүгінгі жетістіктеріміз – аға буынның қажырлы еңбегінің, халқымыздың ауызбіршілігі мен жас ұрпақтың жарқын болашаққа деген сенімінің жемісі.

Біржан сал ауданы – тарихы терең, дәстүрі бай, еңбекқор да дарынды азаматтары көп қасиетті мекен. Туған өлкеміздің гүлденуі мен келешек ұрпақтың жарқын болашағы жолында атқарылып жатқан әрбір игі іс ел игілігіне қызмет ете берсін!

Осы айтулы мерекеде барша жерлестеріме зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!

Көк байрағымыз мәңгі желбіреп, Қазақстанымыз өркендей берсін!

Республика күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Біржан сал ауданының Құрметті азаматы
Алма Мырзахметқызы Шайсұлтанова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

  • Семей полигонының жабылғанына 35 жыл

  • Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

  • 12 тамыз – Каспий теңізі күні