Су – тіршіліктің негізі, ауыл шаруашылығының тірегі

Су – тіршіліктің негізі, ауыл шаруашылығының тірегі және елдің тұрақты дамуының маңызды ресурсы. Су қорларын сақтау мен оны тиімді пайдалану – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.

Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында су ресурстарын ұтымды пайдалану, суды ысырап етуді азайту және су саласын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр. Су тапшылығы қаупі күшейген кезеңде әрбір тамшыны үнемдеу, су тұтыну мәдениетін қалыптастыру және қолда бар қорларды жауапкершілікпен пайдалану аса маңызды.

Бұл бағыттағы негізгі міндеттердің бірі – су тұтынуды есепке алу мен бақылауды жетілдіру, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін пайдалану. Заманауи технологиялар су көлемін нақты есептеуге, шығындарды анықтауға, суару жүйелерінің тиімділігін арттыруға және ресурстарды жоспарлы басқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар су тұтыну саласындағы тарифтік саясатты жетілдіру де маңызды. Тарифтік тетіктер суды үнемдеуге ынталандырып, инфрақұрылымды жаңғыртуға қажетті инвестиция тартуға ықпал етуі тиіс. Бұл ретте халықтың қажеттіліктері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүдделерін ескеру маңызды.

Жолдауда көзделген маңызды бастамалардың бірі – су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын қалыптастыру. Ол жерүсті және жерасты сулары туралы мәліметтерді біріктіріп, су қорларын бақылау мен жоспарлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық су ресурстарының теңгерімін қалыптастыру да ұзақ мерзімді жоспарлау мен су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналмақ.

Миргүл Аяғанова,

Біржан сал ауданы Қоғамдық кеңес мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться