Қазақстанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Эко-әдеттер» апталығы басталды
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде «Эко-әдеттер» апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың басты мақсаты – халық, әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және күнделікті өмірде экологиялық таза әдеттерді насихаттау. Апталық барысында қоқысты сұрыптау, қоршаған ортаны таза ұстау, су мен электр энергиясын үнемдеу, табиғатты қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, экологиялық акциялар, аумақтарды абаттандыру жұмыстары, танымдық кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Эко-әдеттер» апталығы қатысушыларға экологияны қорғау – бір реттік іс емес, тұрақты дағдылар мен саналы таңдау екенін түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыруға, таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға үлес қосады. «Таза…
