Қоғам

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

  Астанада өтіп жатқан BaiQymyz–2026 ауқымды гастрономиялық фестивалі аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Заң мен тәртіп» ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акцияға Астана қаласының прокуратурасы, Полиция департаментінің өкілдері, еріктілер, сондай-ақ көпшілікке таныс Тәртіпбек пен Тазабек маскоттары қатысты. Олар фестиваль қонақтарымен кездесіп, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты. Іс-шара барысында есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Еріктілер тұрғындарға есірткінің қауіптілігі туралы айтып, оған қарсы іс-қимыл жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи…
Подробнее

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы табиғатты қорғаудың маңызды үлгісіне айналды. Акция барысында еріктілер, жастар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері бірігіп, табиғи бұлақтың көзін ашып, айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға бағытталған игі іс. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов атап өткендей, «Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы емес, бұл – сананы жаңғыртып, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтатын ортақ қозғалыс. Экологиялық бастамаға қатысқан жастар да табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді. Осындай акциялар арқылы…
Подробнее

Зерендідегі жазғы лагерьде балаларға есірткі мен интернет-алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Сұңқар» жазғы сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз демалыс» республикалық акциясы аясында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды түрлі қауіп-қатерден сақтандыру. Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне ерекше тоқталды. Жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту тәсілдері түсіндіріліп, есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе таратуға қатысқаны үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылық туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ киберполиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, балаларға дропперлердің кім екенін түсіндірді. Мамандар банк карталары мен жеке деректерді бөтен адамдарға бермеудің маңызын айтып, күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды. Іс-шараға Ақмола…
Подробнее
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны 28,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 841 – 17,5%) және Астана (6 436 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 772 – 9,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 360 мәміле (0,9%) тіркелген.   2026 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда мәмілелер санының өсуі барлық өңірлерде байқалады. Ең жоғарғы өсім Маңғыстау (+67,4%), Қарағанды (+43,4%) және Атырау (+40,9%) облыстарында тіркелді.   Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 25,9% (6 051 мәмілеге) өсті.…
Подробнее
Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

  Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастырып, елді мекендерді көркейтуге тұрғындарды жұмылдыру. Акция «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық лекторийден басталды. Кездесу барысында қатысушыларға табиғатты қорғаудың маңызы, туған жердің тазалығын сақтаудағы әр азаматтың жауапкершілігі және жастардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының маңызы түсіндірілді. Күннің екінші жартысында «Жасыл мекен – таза өлке» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. «Туған жерге тағзым – таза ортадан басталады» ұранымен өткен шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысты. Барлығы 200-ге жуық адам қоғамдық орындарды тазалап, тұрмыстық…
Подробнее
Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

2026 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды. Бағасы ең көп төмендеген өнім – қияр 6,5% арзандады. Сонымен қатар қызанақ (-4,1%), сәбіз (-2,1%), сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы 0,6%), сүйекті сиыр еті (0,3%), балық (-0,1%) бағалары төмендеді. Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қызылорда мен Жезқазғанда (-0,4%), Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Түркістан қалаларында (әрқайсысында -0,2%), Алматы қаласында (-0,1%) төмендеді. Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды. Республика бойынша…
Подробнее
Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

  DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде анықталды. Бетпе-бет сұхбат («face-to-face») әдісімен жүргізілген сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты. Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі адамдардың өз өміріне, материалдық жағдайына және болашаққа деген сенім деңгейіне қандай баға беретіні арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері осы көрсеткіштердің барлығы бойынша респонденттердің…
Подробнее

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізуді жалғастырып жатыр. Акция аясында бұлақтар мен су нысандарын тазарту, сондай-ақ олардың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 11 шілде күні экологиялық акциясының екінші кезеңі еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында) өтеді. Акция барысында 58 бұлақ пен 33 су нысанын тазарту жоспарланып отыр. Іс-шараларға шамамен 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері мен еріктілер бар.
Подробнее

ПРЕСС-АНОНС

Министерством водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан продолжаются работы по проведению в рамках инициативы «Таза Қазақстан»экологической акции «Мөлдір бұлақ», которая предусматривает очистку и благоустройство родников и водных объектов. 11 июля текущего года планируется проведение второго этапа. В 12 областях страны (Акмолинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская области и области Абай и Ұлытау), где предусматривается очистка 58 родников и 33 водных объектов. Ожидается, что в мероприятиях примут участие свыше 10000 человек, в том числе представители местных исполнительных органов, общественных организаций и волонтеры.
Подробнее
Егіндікөлде заманауи жағалау салынып жатыр

Егіндікөлде заманауи жағалау салынып жатыр

  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Егіндікөлде заманауи жағалауды абаттандыру жөніндегі ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарының барысын аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық Қоғамдық кеңестің өкілдері құрылыс алаңына барып, бағалады. Қазіргі уақытта мердігер ұйым жер қазу жұмыстарын жүргізуде. Жоба екі жылға жоспарланған. Келесі жылдың өзінде тұрғындар жаңа абаттандырылған қоғамдық кеңістікте бос уақыттарын өткізе алады. Жоба аясында бұрынғы ауыз су қазындысының аумағы абаттандырылады. Мұнда жасанды көл, серуендеуге арналған аймақтар, заманауи шағын сәулет нысандары және жайлы демалыс орындары салынады. Заманауи жағалау Егіндікөлдің жаңа көркіне айналып, аудан тұрғындарының отбасылық демалысына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған сүйікті орын болмақ. #ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан…
Подробнее