Энергия – өркениет өрісі
Әлем төртінші өнеркәсіптік революция табалдырығында тұр. Заманауи озық технологиялар кезеңінің негізгі көзі – интернет пен энергия. Әсіресе, екіншісінсіз мақсат негізсіз болады. Сондықтан ақылды қалалар концепциясын ілгерілетуді жоспарлаған мемлекеттер ең бірінші тұрақты электр энергия көздерін шешуді басымдық етуде. Онсыз өнеркәсіптік революция іске аспайды. Міне, электр энергиясының маңызын осыдан-ақ түсінуге болады. Ал энергия алудың қандай көздері бар? Біз білетін, әрі тұтынып жүрген көмір және газ стансалары энергияның көзі болып отыр. Баламалы энергия көздеріне жел, күн, суды қосуға болады. Елдегі ірі қалаларда жұмыс істеп тұрған ЖЭС-тердің басым көпшілігі 1970 жылдары салынды. Жылу жүйелерін күрделі жөндеуді немесе жаңартуды талап етеді. Бүгінде ЖЭО жабдықтарының орташа…