Қарызға батыратын интернет-алаяқтардың екі кең таралған айласы
Интернетте немесе әлеуметтік желілерде «Қазір ақша алыңыз», «Тегін диагностика», «Бүгін ғана үлкен жеңілдік» деген жарнамаларды жиі кездестіреміз. Алғашында мұндай ұсыныстар заңды әрі тиімді болып көрінеді. Алайда олардың артында азаматтарды несиеге немесе бөліп төлеуге мәжбүрлейтін алаяқтық схемалар жасырынуы мүмкін. №1 схема. «Бөліп төлеуді қолма-қол ақшаға айналдырамыз» Бұл схемада алаяқтар азаматқа қымбат смартфонды, ноутбукты немесе басқа да сұранысқа ие техниканы бөліп төлеуге рәсімдеуді ұсынады. Кейін сол тауарды бірден сатып алып, қолма-қол ақша береміз деп уәде етеді. Алайда іс жүзінде жағдай мүлде басқаша өрбиді. Кейбір жағдайда техника құнының тек жартысына жуығы ғана төленеді. Ал сатып алушы банк алдындағы бөліп төлеу міндеттемесін толық…
