Көкшетау қаласында учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғын аудандардың қауіпсіздігін арттыру бағытында күнделікті жұмыс атқаруда. Қала тұрғындары учаскелік инспекторлармен аула-ауланы аралау, азаматтарды қабылдау және үй чаттары арқылы тікелей байланыса алады. Бұл туралы Көкшетау қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Азамат Метаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада 49 учаскелік инспектор мен 10 көмекші қызмет етеді, 10 полицияның тірек пункті жұмыс істейді, тағы бір тірек пункті Қызылжар ауылында орналасқан. «Күн сайын таңертең учаскелік инспекторлармен жиналыс өткіземіз, түнгі және күндізгі оқиғаларды талқылаймыз. Осыдан кейін инспекторлар өз бекітілген учаскелеріне шығады», – деді Азамат Метаев. Көкшетауда тіркелетін құқық бұзушылықтардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық жанжалдармен,…