Рейтингтер үндескенде: инвесторлар Қазақстанға неге сенеді
Қазақстан Орталық Азиядағы ірі тікелей шетелдік инвестиция тартушы ел мәртебесін сақтап отыр. Өңірдегі тікелей шетелдік инвестицияның басым бөлігі бізге тиесілі. Тәуелсіз халықаралық рейтингтер инвесторлар үшін басты бағдардың бірі саналады. Бұлар елдің экономикалық тұрақтылығын бағамдап, тәуекел деңгейі мен ұзақ мерзімді инвестиция шартын пысықтауға көмектеседі. Міне, үш бірдей жетекші жаһандық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық мәртебесін нақтылады. Fitch Ratings – BBB, тұрақты болжам. ● S&P Global Ratings – BBB, оң болжам. ● Moody’s – Baa1, оң болжам. Мақала авторларының пайымынша, ірі агенттіктер ұқсас баға берсе, ел экономикасы мен мемлекеттік қаржының тұрақты көрсеткішін айғақтайды. Басқа да халықаралық зерттеулер оң динамиканы көрсетіп отыр. IMD World…
