Жеңіл табысқа сенбеңіз: қаржы пирамидалары мыңдаған қазақстандықты алдауды жалғастыруда
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «100 мың теңге салыңыз – бір айда үш есе табыс табасыз», «тәуекелсіз жоғары кіріс», «жабық инвестициялық клубқа қосылыңыз» деген жарнамалар әлі де жиі кездеседі. Мамандар мұндай ұсыныстардың басым бөлігі қаржы пирамидаларының белгілеріне ие екенін ескертеді. Қаржы пирамидалары – жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен бұрын кіргендерге төлем жасайтын алаяқтық схема. Мұнда нақты инвестиция да, тұрақты бизнес те болмайды. Жаңа салымшылар азайған сәтте жүйе күйреп, ұйымдастырушылар қаражатпен бірге жоғалып кетеді. Қандай тәсілдер қолданылады? Бүгінде қаржы пирамидалары әртүрлі атаумен ұсынылады. Олар өздерін «инвестициялық клуб», «қаржылық қауымдастық», «бизнес-жоба» немесе «пассивті табыс көзі» ретінде таныстырады. Кең таралған схемалардың қатарында: көп деңгейлі…
