Зерендідегі жазғы лагерьде балаларға есірткі мен интернет-алаяқтықтың қаупі түсіндірілді
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Сұңқар» жазғы сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз демалыс» республикалық акциясы аясында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды түрлі қауіп-қатерден сақтандыру. Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне ерекше тоқталды. Жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту тәсілдері түсіндіріліп, есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе таратуға қатысқаны үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылық туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ киберполиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, балаларға дропперлердің кім екенін түсіндірді. Мамандар банк карталары мен жеке деректерді бөтен адамдарға бермеудің маңызын айтып, күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды. Іс-шараға Ақмола…
