
Бүгін тәртіп сақшылары «Бурабай Арена» кешеніне барып, интернет-алаяқтардың үнемі жаңа алдау тәсілдерін ойлап тауып, өз әрекеттерін тоқтатпайтынын тұрғындардың назарына салды.
✅ Ешкімге SMS арқылы келген растау кодтарын, банк картасының деректерін, CVV-кодын және құпиясөздерді хабарламаңыз.
✅ Банктердің, полицияның және мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы немесе мессенджерлерде мұндай ақпаратты сұрамайды.
✅ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және тез әрі оңай табыс табу немесе аса тиімді инвестициялар туралы уәделерге сенбеңіз.
✅ Қандай да бір қаржылық шешім қабылдамас бұрын, асықпай ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Банкке немесе жақындарыңызға жасалған бір ғана телефон қоңырауы сізді үлкен қаржылық шығыннан сақтап қалуы мүмкін.
☎️ Егер интернет-алаяқтық әрекетіне тап болсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
📣 Ақмола облысы Полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға, жеке деректерін қорғауға және жақындарын сақ болуға шақырады. Қаржылық қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!
#заңментәртіп
