Қазақстан Өзбекстанға өсімдік майын жеткізуде көшбасшылық орнын сақтап қалды
Қазақстан қатарынан екінші жыл Өзбекстан нарығына өсімдік майларын жеткізетін ең ірі экспорттаушы ел болып қалып отыр. 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы мамырға дейін Қазақстанның май өңдеу өнімдерінің Өзбекстанға экспорты 553 мың тоннаға жетті. Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8 мың тоннаға немесе 31%-ға артық. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Өзбекстандағы өсімдік майлары нарығындағы үлесі 90%-дан асты. Соңғы бес маусым бойы жеткізілім көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Сонымен қатар, май өңдеу саласы өнімдерінің жалпы экспорт көлемі де артып отыр. Маркетингтік жылдың тоғыз айында Қазақстан шетелге өсімдік майын, күнжара мен шротты 944 млн АҚШ долларына экспорттады. Экспорттан түскен табыс…
