Алматының туризм әлеуетін арттыратын жоба
Мегаполисте «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шара барысында туризм саласын дамыту, Алматы тау кластерінің әлеуеті және халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов өз сөзінде Қазақстандағы туризм саласының кейінгі жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылы ел ішінде қонақүйлерге орналасқан туристер саны 8,6 миллион адамға жеткен. Сонымен қатар, еліміздегі орналастыру нысандарының саны артып, туристік инфрақұрылым кеңейіп келеді. Спикер Алматының Қазақстандағы негізгі туристік және халықаралық әуе хабы ретіндегі маңызына ерекше тоқталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы қонақүйлер мен орналастыру орындары шамамен 2,5 миллион туристке қызмет көрсеткен. Оның ішінде 1,7 миллион…
