23 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өңірдің үздік кітапханашыларын ұлықтау салтанаты өтті
23 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өңірдің үздік кітапханашыларын ұлықтау салтанаты өтті. Іс-шарада Ақмола облысы әкімінің атынан құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы сөйледі. Өз сөзінде Д. Айтбаев 16 сәуірде бастау алған Ұлттық кітап күніне арналған онкүндікті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін облыс кітапханашыларына алғыс білдірді. Аталған онкүндік аясында облыстың қала-аудандарында кітап фестивальдері, кітап оқу марафондары, жазушылармен автограф-сессиялар, кітап клубтарының ашылуы және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ биыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың 80 жылдық мерейтойы аясында облыс орталығында алғаш рет Республикалық кітапханашылар форумы өтетінін атап өтті. «Қазақстандық кітапханалық одақпен» бірлесіп…
