Қосшыда жастарға құқықтық тәрбие беруге бағытталған мерекелік іс-шара өтті
Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Адал азамат» бағдарламасы аясында жастарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында буллинг, бопсалау, интернет-алаяқтық, нашақорлық пен вандализмнің алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды. Кездесуге арнайы қонақ ретінде бокстан әлем және Азия чемпионы Ақшалов Мерей, джиу-джитсудан әлем чемпионы Әбдіркенов Азим, танымал блогер әрі волонтер Тимур Спатайұлы және спорт шебері Мұхит Амантай қатысты. Қонақтар жастармен еркін пікір алмасып, заңды сақтау, қоғам алдындағы жауапкершілік және салауатты өмір салты жөнінде өз ойларын бөлісті. Бағдарлама аясында патриоттық әндер…
