Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қайта қаралады
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеудің қолданыстағы моделі қайта қаралып, нақты экономикалық тәуекелдер мен азаматтардың өмір сүру ұзақтығын ескеретін актуарлық тәсілге көшіріледі. Өзгерістердің басты мақсаты – қазақстандықтардың зейнетке шыққаннан кейінгі қаржылық тұрақтылығы мен тұрақты табысын қамтамасыз ету. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Назипа Салингреева мәлім етті. Қазіргі жүйе «жеткіліктілік шегінен асатын» қаражатты алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте салымшы зейнет жасына дейін тұрақты жұмыс істеп, үздіксіз аударым жасайды деген болжам негізге алынады. Алайда бұл модель жұмыссыз қалу немесе табыстың төмендеуі сияқты тәуекелдерді ескермейді. Үш жыл бойы жеткіліктілік шегінің қайта қаралмауын…
