Халықаралық робототехника чемпионатындағы ақмола жастарының жетістігі
Ақмола облысының жас робототехниктері әлемдік жарыстарда еліміздің атын қорғауға дайындалып жатыр. Қысқа уақыт ішінде бірнеше күрделі робот жасап, өздерінің шеберлігін дәлелдеген бұл команда болашақ технологиялық көшбасшылардың буыны екенін көрсетті. Жанкелді Сұлтанбек – инженерлік-техникалық (IT) әдіскері, өз тәжірибесін жастармен бөлісіп, командаларды әлемдік жарыстарға жетелеп келеді. «Мен робототехника саласына университет қабырғасынан бастап бет бұрдым. Түрлі жарыстарға қатысу қызығушылығымды арттырды», – дейді Жанкелді Сұлтанбек. Оның айтуынша, соңғы «Robotics for Good Youth Challenge» чемпионатына дайындық өте қысқа мерзімде өтті, бірақ қиындықтарға қарамастан команда үш робот жасап, әрқайсысының өз миссиясын орындауға дайындығын қамтамасыз етті. Жанкелді командадағы жетістіктің басты құпиясы тәрбиеленушілердің роботты өздері жасап, бағдарламалауда екеніне…
