Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді
⚡️ Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 11 ұлттық ЖОО бар, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48. ⚡️ Білім алушылар құрамы 642,5 мыңнан астам адамды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6 мың адам, оның ішінде бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докторантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада – 2,1 мыңнан астам адам оқиды. ⚡️ Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды, оның 46,5%-ның ғылыми дәрежесі бар…
