1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды
Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық жасты ортақ мақсатқа жұмылдырған «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы Ақмола облысындағы Қоянды ауылы маңынан жолға шықты. 13-16 қазан аралығында Астана – Өскемен бағытымен өтетін бастама төрт облыстың 10 ауданы мен 59 ауылын қамтып, 1 800 шақырымға жуық жол бойын тазартуды көздейді. Экологиялық акциямен шектелмейтін бұл сапар аясында қоғамдық қабылдаулар, жастар кездесулері мен спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылмақ. Тазалық жол жиегінен емес, санадан басталады. Туған жердің тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы ұстанымды негізге алған «Таза Qazaqstan» жалпыұлттық акциясы…
