Ақмола облысы үнді бизнесімен ынтымақтастықты кеңейтуде
Өңір үнді компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда. Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары Ченнай қаласында өткен «Қазақстан - Үндістан 2026» бизнес-форумында талқыланды. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары мен бизнес өкілдерінен 300-ден астам адам қатысты. Инвестициялық әріптестікті дамыту Мемлекет басшысының инвестициялар тарту тәсілдерін жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді. 2025 жылғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа инвестицияларды ең алдымен өңдеу өнеркәсібіне бағыттауды, сондай-ақ бюрократия мен функциялардың қайталануын азайту үшін инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін қайта қарауды тапсырды. Форум аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов өңірдің мүмкіндіктерін таныстырды. Ол Үндістанмен ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы бағыттары қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең…
