Күнтізбелік күндер

Бүгін Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні аталып өтеді

Бұл – ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарының кәсіби мерекесі. Тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өндірісінде еңбек ететін мамандар халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өндірістің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Олардың кәсібилігі, еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігінің арқасында қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артып, нарықтағы орны нығаюда.
Подробнее

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында отандық өндіріс дамып, сапалы өнім көлемі артып келеді. Денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!
Подробнее
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді

Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді

  Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бейнеролик арқылы танылған үш жасар бүлдіршінге арнайы сыйлық табыс еткенін жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Халықаралық балаларды қорғау күні LRT-ға алғаш мінген сәті түсірілген бейнероликтің кейіпкері – үш жасар Әміремен кездестім. Қазақстандықтардың көбісі Әміренің LRT оны ел Президентімен кездесуге апаратынына шынайы сенген видеосын тамашалады. Оның балалық аңғалдығы, кіршіксіз көңілі мен қарапайымдылығы көпшілікті баурап алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әміреге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыстадым. Мұндай сәттер арманыңа қанат бітіріп, жақсылыққа сенуді, өмірдің әрбір қарапайым сәтіне балаша қуана алу қасиетін жоғалтпау керектігін тағы бір мәрте еске салады.…
Подробнее
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үлгі ауылы мектебінің 80 оқушысы үшін «LingvoCamp» балалар лагерінде жарқын әрі ғажайып мереке ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үлгі ауылы мектебінің 80 оқушысы үшін «LingvoCamp» балалар лагерінде жарқын әрі ғажайып мереке ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үлгі ауылы мектебінің 80 оқушысы үшін «LingvoCamp» балалар лагерінде жарқын әрі ғажайып мереке ұйымдастырылды. Бұл мерекелік сапар балалар үшін үлкен сыйға айналып, жазғы демалыстың ең есте қаларлық әрі қуанышты күндерінің бірі болды. Оқушылар көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсерге бөленді. Оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды бағдарлама дайындалды. Бағдарлама көңілді ойындармен, ән-бимен және түрлі белсенді шаралармен толықты. Балалар лагерьге келген сәттен бастап мерекелік көңіл күй мен достық атмосферасын сезінді. Күні бойы оқушылар түрлі эстафеталарға, байқауларға және командалық ойындарға қатысып, белсенді демалып, өз қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Сонымен қатар балалар ұйымшылдық пен бірлесе…
Подробнее
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі қаламгер Бауыржан Момышұлының Астана қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері де қатысты. Рәсім барысында Мемлекеттік кеңесші батырлардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Мәселен, Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың Атырау облысында өткен отырысындағы тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының, Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді. Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толған күні даңқты батырға «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі мен ерен…
Подробнее
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

  9 мамыр, Астана. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен біртуар батыр. Сонымен қатар ол үш мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген…
Подробнее
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

09.05.2026 Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсім барысында Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні ұлт жадынан өшпейтін және әр қазақстандық отбасы үшін ерекше мәнге ие қастерлі дата екенін атап өтті. Сондай-ақ Палата Спикері Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы күндері еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар мен тағылымды кездесулер өткізіліп жатқанына назар аударды. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған мұндай жиындар майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым етуге және олардың жанқиярлық ерлігін өскелең ұрпаққа дәріптеуге арналады. «Біз бұл күні сұрапыл соғыста…
Подробнее
Спикер Сената возложил цветы к памятнику Рахимжану Кошкарбаеву

Спикер Сената возложил цветы к памятнику Рахимжану Кошкарбаеву

09.05.2026 Спикер Сената Маулен Ашимбаев принял участие в церемонии возложения цветов к памятнику Халық Қаһарманы Рахимжану Кошкарбаеву, водрузившему знамя Победы над Рейхстагом в 1945 году, и почтил минутой молчания память погибших фронтовиков. В своей речи на церемонии Маулен Ашимбаев акцентировал внимание на том, что День Победы является священной датой, глубоко укорененной в национальной памяти и личной истории каждой казахстанской семьи. Спикер Сената отметил, что по инициативе Главы государства в эти дни по всей Республике организованы масштабные акции и памятные встречи. Мероприятия, приуроченные к 81-й годовщине Великой Победы, призваны отдать дань уважения героизму фронтовиков и тружеников тыла, подчеркнуть незыблемость подвига наших…
Подробнее

Батырларға қамқорлық: Ақмола облысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 9 мамырға орай қаржылық төлемдер алды

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай берілетін біржолғы материалдық көмек төлемдері аяқталды және барлық қаражат ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің және оларға теңестірілген өзге де санаттағы азаматтардың шоттарына түсіп үлгерді. Өңірлік жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы хабарлағандай аймақта тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагеріне ерекше көңіл бөлініп, Қосшы қаласында тұратын майдангерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем жасалды. Бейбіт аспан мен ел мүддесін қорғауға үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттары назардан тыс қалған жоқ және 25-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі төлемдерді ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар соның ішінде Ленинград құрсауында бір тұрға мен концлагерлердің сегіз бұрынғы…
Подробнее
Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау және әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау және әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Көкшетауда Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау және әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара аясында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатарына қабылдау рәсімі де ұйымдастырылды. Жастар бірлестігінің мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бүгінде бірлестік еліміздің 20 өңірінен 8 мыңнан астам қатысушыны біріктіреді. Аталған бастама жастар арасында азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және заңға құрметті дамытуға ықпал етеді. #Заң мен тәртіп
Подробнее