Күнтізбелік күндер

Республика күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер, қадірлі Біржан сал ауданының тұрғындары! Баршаңызды еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, елдігіміз бен егемендігімізді айшықтайтын, әрбір қазақстандық үшін ерекше мәнге ие қастерлі мереке. Туған жеріміздің өсіп-өркендеуі, еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығы – баршамыз үшін баға жетпес құндылық. Бүгінгі жетістіктеріміз – аға буынның қажырлы еңбегінің, халқымыздың ауызбіршілігі мен жас ұрпақтың жарқын болашаққа деген сенімінің жемісі. Біржан сал ауданы – тарихы терең, дәстүрі бай, еңбекқор да дарынды азаматтары көп қасиетті мекен. Туған өлкеміздің гүлденуі мен келешек ұрпақтың жарқын болашағы жолында атқарылып жатқан әрбір игі іс…
Подробнее

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі ықпалды орта держава, өркениетті мемлекет ретінде жетіп отыр. Биыл біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып, тарихи өрлеу дәуіріне бетбұрыс жасадық. Алдымызда тұрған мақсат – баршаға айқын. Біз мықты мемлекеттік институттары мен сапалы адам капиталы бар, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық, дамыған, жасампаз, зайырлы ел болуымыз керек.…
Подробнее

Семей полигонының жабылғанына 35 жыл

Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Курчатовта не өзгерді Тарихи шешімге 35 жыл толды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Негізгі тақырыптар – ядролық сынақтардың салдарын жою, радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану болды. Курчатовта өткен жиынға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Ұлттық ядролық орталық бұған дейін де 35 жылдыққа арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырған.…
Подробнее

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

  Жыл сайын 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізінің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл теңіз ортасын бірлесіп қорғаудың негізін қалаған Тегеран конвенциясының күшіне енуімен байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Каспий өңіріндегі басқа мемлекеттермен бірлесе өзгерістерге бейімделу және Каспийдің табиғи байлығын сақтау жөніндегі күш-жігерді біріктіруге бағытталған Мемлекетаралық бағдарламамен жұмысты жалғастыруда. Каспийді сақтау жұмыстары бірнеше бағытты қамтиды: Каспий маңы елдерінің өзара іс-қимылы, жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, экологиялық бастамаларды іске асыру және қоғамды тарту. Мұндай кешенді тәсіл Каспий маңы елдерінің әлеуетін біріктіріп, Каспий теңізінің бірегей экожүйесін келер ұрпақ үшін сақтауға бағытталған шешімдерді кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.…
Подробнее

12 тамыз – Каспий теңізі күні

Бүгін Каспий теңізі күні атап өтілуде. Осыдан 20 жыл бұрын дәл осы күні Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция, яғни Тегеран конвенциясы күшіне енді. Каспий теңізі күні қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өткізілуде. Апталық іс-шараларына Каспий маңы мемлекеттері – Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран және Түрікменстанның делегациялары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері, волонтерлер, экологиялық белсенділер, сарапшылар мен жастар қатысты. 6 тамызда Халықаралық волонтерлік апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 6–7 тамызда экологиялық мониторингтің заманауи технологияларына және Каспий маңы елдері жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулерге арналған халықаралық семинар мен дөңгелек…
Подробнее

Абай күніне орай Ақмола өңірінде ақынның рухани мұра кеңінен дәріптелді

  Ақмола облысында Абай күніне арналған мәдени-ағартушылық шаралар кең көлемде өтіп жатыр. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларында ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған әдеби кештер, байқаулар, танымдық сабақтар, пікірталастар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылуда. 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай Ақмола облысында Абайдың әдеби және музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға, оның тағылымды ойларын жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар қолға алынды. Абайдың білім, еңбек, адамгершілік пен адалдық туралы ойлары уақыт өткен сайын өзектілігін арттырып келеді. Сондықтан өңірдегі шараларда ақынның шығармаларын жатқа оқумен қатар, оның қара сөздері мен философиялық тұжырымдарын бүгінгі қоғаммен сабақтастыруға ерекше…
Подробнее
В Кокшетау отметили Национальный день домбры

В Кокшетау отметили Национальный день домбры

Праздник в честь Национального дня домбры прошел на набережной Жаңа жағалаув Кокшетау. Праздничная программа началась с работы тематических выставок и презентационных площадок, подготовленных учреждениями культуры. Посетители познакомились с духовным наследием казахского народа, национальными традициями и историей искусства кюя. Кроме того, были организованы республиканские акции «Көне домбыра» и «Музейге жәдігер сыйла». Заместитель акима Акмолинской области Досулан Айтбаев поздравил жителей региона с Национальным днем домбры и отметил особое значение этого инструмента в жизни казахского народа. «В этом году праздник имеет особое значение и глубокий исторический смысл.Национальный день домбры и День Астаны мы отмечаем одновременно со вступлением в законную силу новой, народной Конституции…
Подробнее
Көкшетауда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Көкшетауда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Көкшетауда Ұлттық домбыра күнінеарналған мерекелік іс-шаралар «Жаңажағалау» аумағында өтті. Мерекелік бағдарлама мәдениетмекемелері ұйымдастырған тақырыптықкөрмелер мен таныстырылым алаңдарыныңжұмысынан басталды. Келушілер қазақхалқының рухани мұрасымен, ұлттықдәстүрлерімен және күй өнерінің тарихыментанысты. Сонымен қатар «Көне домбыра» және «Музейге жәдігер сыйла» республикалықакциялары ұйымдастырылды. Ақмола облысы әкімінің орынбасарыДосұлан Айтбаев өңір тұрғындарын Ұлттықдомбыра күнімен құттықтап, домбыраның қазақхалқының өміріндегі айрықша маңызын атапөтті. «Биылғы мерекенің орны ерекше, тарихимәні терең. Ұлттық домбыра күні мен Астана күнін еліміздің жаңа, халықтықКонституциясының заңды күшіне енуімен қатаратап өтіп отырмыз. Бұл – мемлекетіміздіңқұқықтық негіздері мен ғасырлар бойықалыптасқан рухани құндылықтарыныңсабақтастығын айқындайтын, мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайтатынмаңызды кезең. Қазақ халқы мен домбыра – егіз ұғым. Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың…
Подробнее
Национальный день домбры: в Астане прошел концерт «Асыл мұра»

Национальный день домбры: в Астане прошел концерт «Асыл мұра»

Концерт «Асыл мұра», организованный в честь Национального дня домбры в Астане, стал поучительным вечером, прославляющим национальное искусство, передает официальный сайт акимата столицы. Этот культурный проект прошел во Дворце мира и согласия уже в четвертый раз накануне Дня столицы. Главной особенностью концерта в этом году стало объединение на одной сцене казахских школ песен и кюев, а также умение гармонично сочетать национальное искусство с новыми технологиями. «Асыл мұра» — это масштабный проект, направленный на широкую популяризацию традиционного музыкального искусства нашего народа, формировавшегося веками, и передачу историко-культурного наследия будущим поколениям. На концерте были широко представлены традиционные школы песен и кюев Арки, Сыра, Жетысу,…
Подробнее
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Астанада Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Асыл мұра» концерті ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды кешке айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елорда күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайындағы бұл мәдени жоба биыл төртінші рет өтті. Биылғы концерттің басты ерекшелігі – қазақтың әншілік және күйшілік мектептерін бір сахнада тоғыстырып, ұлттық өнерді жаңа технологиялармен үндестіре білуінде. «Асыл мұра» – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін кеңінен насихаттап, тарихи-мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен ауқымды жоба. Концертте Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс өңірлерінің дәстүрлі әншілік және күйшілік мектептері кеңінен таныстырылып, әр өңірдің орындаушылық ерекшелігін айқындайтын әндер, күйлер мен жыр-термелер орындалды.…
Подробнее