Жақсы ауданында көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатыр?
Көктемгі су тасқыны кезеңі – кез келген өңір үшін үлкен сынақ. Жақсы ауданында да бұл мәселеге ерекше мән беріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Қасенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Өткен жылы кейбір елді мекендерде су тасқыны қиындық тудырғанымен, үйлесімді жұмыстың нәтижесінде үлкен шығынға жол берілмеді. Дегенмен, бірнеше үй зардап шегіп, кейбірі апатты деп танылды. Жергілікті билік пен демеушілердің қолдауымен тұрғындарға жаңа баспана сатып алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Биылғы жылы аудан аумағында су…
