Ақмола облысында қылмыс шамамен 40%-ға төмендеді
Облыста «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және цифрландыруды дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы брифингте Ақыл Карпыкбаев мәлімдеді. Бүгінде Ақмола облысы прокуратурасының «Про Тайм» жобасы да белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба аясында мамандар мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастармен кездесіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы өңірдегі криминогендік ахуалдың тұрақтанып келе жатқанын көрсетті. Осы кезеңде құқық қорғау органдарына 20 мыңнан аса өтініш пен хабарлама тіркелген. Ал қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 999-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда…
