Ақмола облысы аумағындағы су тасқыны кезеңінің өту барысы туралы
Ақмола облысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынының салдарын азайту мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні жағдай қалыпты, су нысандарында тұрақты мұз жамылғысы байқалады. Болжамдар мен ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, өңірде су тасқынының белсенді кезеңіне дайындық жүргізілуде. А. ж. 17 наурызынан бастап облыста тәулік бойы жұмыс істейтін су тасқынына қарсы штабтар мен байланыс орталықтары ашылды, олар жергілікті жерлердегі жағдай туралы ақпарат қабылдап, жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Қар еруі байқалатын елді мекендерде суды сору және қауіпсіз арналарға бұру жұмыстары жүргізілуде. Су өткізгіш құрылыстар, арықтар мен каналдар тазартылуда. Облыс бойынша барлығы 2,4 млн. м3 қар шығарылды.…
