Табыстылыққа бағытталған қадам: Ерейментау аграршылары мал азығы мен майлы дақылдар алқабын ұлғайтты
Ерейментау ауданы биылғы көктемгі егіс науқанын табысты аяқтады. Егіс жұмыстарының қорытындылары мен өңірдегі егіс құрылымындағы өзгерістер туралы брифинг барысында Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов баяндады. Биыл аудан бойынша жалпы жыртылған жер көлемі 111 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 4 мың гектарға артты. Дәстүрлі дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 80 мың гектарға жуық алқапқа егілді. Сонымен қатар жергілікті шаруалар ауыспалы егісті әртараптандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, сұранысқа ие майлы және мал азықтық дақылдарға басымдық беруде. Атап айтқанда, майлы дақылдардың егіс көлемі 17 мың гектарға дейін ұлғайды. Сондай-ақ мал азықтық дақылдар алқабы да айтарлықтай өсіп, 13 мың гектарға жетті. Бұл…
