«Оқжетпес» ФК референдумда дауыс берді
Бүгін Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмай, Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Тығыз жаттығу кестесіне және жаңа маусымға дайындыққа қарамастан, спортшылар сайлау учаскесіне барып дауыс беруге уақыт тапты. Клубты осы жылдың басында басқаруға келген бас бапкер Ринат Әлюетов ойыншыларымен бірге дауыс берді. «Көкшетау мен Ақмола облысының атынан өнер көрсететін команда ретінде референдумға қатысу біз үшін жай ғана міндет емес, елдің дамуына өз үлесімізді қосу мүмкіндігі. Бұл әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен болашақтағы дамуына берік негіз болады деп сенеміз. Біз қоғамның бір бөлшегіміз, ал біздің болашағымыз бүгін қабылдайтын…
