Газет

В канун профессионального праздника работников средств массовой информации Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев поздравил представителей медиасферы и отметил особую роль профессиональной журналистики в современном мире

В канун профессионального праздника работников средств массовой информации Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев поздравил представителей медиасферы и отметил особую роль профессиональной журналистики в современном мире

  Глава государства остановился на роли журналистов в борьбе с распространением дезинформации: «Современные технологии породили «ботофермы», которые целенаправленно засевают цифровое поле семенами раздора. Распространение откровенной лжи и клеветы, которые теперь буднично называют дипфейками, сформировало опасный феномен «постправды», где объективные факты подменяются управляемыми эмоциями и злонамеренными провокациями. Для подрыва общественной солидарности и согласия, компрометации государственных институтов используются инструментарии искусственного интеллекта. Поддельные цифровые копии публичных лиц практически неотличимы от оригиналов, и данные технологии уже активно осваиваются разного рода мошенниками и деструктивными силами. Поэтому ответственные работники медиасферы должны стать частью «иммунного ответа» государства на эти гибридные, опаснейшие по своей сути вызовы, угрозы. Вашу…
Подробнее

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медиа саласының өкілдерін құттықтап, қазіргі заманда кәсіби журналистиканың айрықша рөлін атап өтті

Мемлекет басшысы жалған ақпараттың таралуына қарсы күрестегі журналистердің маңызына арнайы тоқталды: «Заманауи технологиялар цифрлық алаңда алауыздықты әдейі ушықтыратын «ботофермалардың» пайда болуына түрткі болды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты. Оны қазір дипфейк деп атайды. Яғни объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады. Танымал тұлғалардың жасанды цифрлық бейнелерін түпнұсқадан ажырату мүмкін емес. Мұндай технологияларды түрлі алаяқтар мен деструктивті күштер белсенді пайдаланады. Сондықтан медиа саласының қызметкерлері жауапкершілік танытып, мемлекеттің аталған гибридті, аса қауіпті қатерлерге төтеп беруіне атсалысуға тиіс. Осы орайда сіздердің…
Подробнее

За распространение ложной информации в сети наступает реальная ответственность

В Казахстане сформировалась правоприменительная практика по фактам распространения дезинформации. По данным Министерства внутренних дел, за первые пять месяцев 2026 года к административной ответственности по статье 456-2 КоАП РК (Размещение, распространение ложной информации, противоправного контента) привлечены 59 человек. Кроме того, по статье 274 Уголовного кодекса (Распространение заведомо ложной информации) зарегистрировано 20 уголовных дел, часть из которых уже направлена в суд. Анализ показывает, что поводом для привлечения к ответственности могут стать не только публикации в средствах массовой информации, но и сообщения в социальных сетях, комментарии, видеоролики и иной пользовательский контент. Среди последних примеров - случаи привлечения к ответственности за распространение недостоверных сведений…
Подробнее

Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік туындайды

Қазақстанда жалған ақпарат тарату фактілері бойынша құқық қолдану тәжірибесі қалыптасып келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату) бойынша 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша 20 қылмыстық іс тіркеліп, олардың бір бөлігі сотқа жолданды. Талдау көрсеткендей, жауапкершілікке тартуға тек бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі хабарламалар, пікірлер, бейнероликтер және өзге де пайдаланушы контенті негіз болуы мүмкін. Соңғы мысалдардың қатарында, төтенше жағдайлар туралы жалған мәліметтер тарату, шынайы оқиға ретінде көрсетілген қойылымдық бейнероликтер жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органдар…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек»

Мемлекет басшысы: «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек»

  ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеу дұрыс емес деп санайды. – Өйткені бұл өскелең ұрпақты адастырып, олардың дүниетаным құндылықтары мен өмірлік мұратына теріс ықпал етеді. Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек. Қазір біз біртұтас ұлт болып, өркендеген, заманауи, яғни озық мемлекет құрып жатырмыз. Бірақ бұл – төл құндылықтарымызды ұмыту деген ұғым емес. Біз жұртымызға тән игі қасиеттерді…
Подробнее
Мемлекет басшысы журналистердің жалған ақпарат таратуға қарсы күресте атқаратын рөліне тоқталды

Мемлекет басшысы журналистердің жалған ақпарат таратуға қарсы күресте атқаратын рөліне тоқталды

  – Заманауи технологиялар цифрлық алаңда алауыздықты әдейі ушықтыратын «ботофермалардың» пайда болуына түрткі болды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты. Оны қазір дипфейк деп атайды. Яғни объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады. Танымал тұлғалардың жасанды цифрлық бейнелерін түпнұсқадан ажырату мүмкін емес. Мұндай технологияларды түрлі алаяқтар мен деструктивті күштер белсенді пайдаланады. Сондықтан медиа саласының қызметкерлері жауапкершілік танытып, мемлекеттің аталған гибридті, аса қауіпті қатерлерге төтеп беруіне атсалысуға тиіс. Осы орайда сіздердің еңбектеріңіз орасан, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді»

  ✔️Президент ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды оқиға қарсаңында Парламенттің 8-ші шақырылымы өз жұмысын аяқтайтынын еске салды. – Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын: тарихи кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып өтемін. Біз, Қазақстан халқы жасампаз әрі озық ойлы ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Осы даңғыл жолда берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды күшейтіп, барлық мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өздеріне жүктелген жауапты миссияны жоғары деңгейде атқару үшін халықаралық медиа қоғамдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиіс. – Медиаиндустрия цифрлық дәуірдің сын-қатерлерімен алғашқылардың бірі…
Подробнее
Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады

  ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. ✔️Өйткені өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі. – Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан журналистері осы жауапкершілікті терең сезініп, кәсіби міндеттерін жемісті атқаруда. Наурыз айында біз – бәріміз бір ел болып, конституциялық реформаны табысты жүзеге асырдық. Жалпыұлттық референдум кезінде халқымыз мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдауын жасады. Еліміздің бас құжаты – жаңа Конституциямыз өз тұғырына қонды. Ата заңды әзірлеу және қабылдау оңай шаруа емес екені анық. Бұл – бірлігі бекем, рухы биік және жарқын…
Подробнее
Глава государства выступил на церемонии награждения работников СМИ

Глава государства выступил на церемонии награждения работников СМИ

✔️Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил участников церемонии с Днем работников средств массовой информации и выразил им свои теплые пожелания. – Безусловно, этот профессиональный праздник имеет особое значение в жизни страны. Главное призвание журналистов – информировать общество, отражать чаяния и помыслы людей. Вы поднимаете самые насущные вопросы, волнующие народ, и преданно служите его интересам. В эпоху передовых глобальных технологий на прессу возлагается благородная миссия по обеспечению населения оперативной, качественной и достоверной информацией, объективной аналитикой. Государство высоко ценит вашу неустанную деятельность во благо страны. Я как Президент сегодня хочу выразить признательность всем представителям медиасферы, – подчеркнул Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

✔️Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Подробнее