Алғашқы кадрлар: ақмолалықтар дауыс беруді сыйлықпен бастады
Ақмола облысында сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды. Алғашқы минуттардан-ақ өз таңдауын жасауға асыққан азаматтар учаскелерге келді. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл күні алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтарға да ерекше назар аударылды. Жас ақмолалықтар үшін бүгін – сайлауға қатысудағы алғашқы тәжірибе және өз азаматтық ұстанымын білдіруге берілген мүмкіндік. Облыс бойынша барлығы 759 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 696-сы азаматтардың тіркелген жері бойынша, тағы 63 учаске уақытша болатын орындарда орналасқан. Сайлау учаскелерінің жұмысын 4 520 адамнан құралған 780 сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Өңір бойынша сайлаушылар тізіміне жарты миллионнан астам азамат…
