Ақмолалықтар сайлау учаскелеріне тегін жеткізілуде
Бүгін, 23 тамызда Ақмола облысында «Тегін көлік» акциясы өтуде. Дауыс беру күні өңір тұрғындары сайлау учаскелеріне тегін жету мүмкіндігіне ие болды. Акцияға облыстың қала және аудандарындағы жүргізушілер мен қоғамдық көлік қызметі қосылуда. Олар тұрғындардың сайлау учаскелеріне еш қиындықсыз жетуіне жағдай жасауда. Мәселен, Степногорск қаласында таңертеңнен бастап жүргізушілер тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін жеткізуде. Игі бастамаға өз еркімен қосылған жүргізушілер дауыс берушілерге көмек көрсетіп жатыр. Көкшетау қаласында да тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Бүгін барлық қалалық қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру тегін. Бұл тұрғындарға сайлау учаскелеріне қосымша шығынсыз жетуге мүмкіндік береді. Ал Аршалы ауданында да тұрғындарды сайлау учаскелеріне жеткізу мақсатында тегін көлік…
