Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына және жеке ақпараттың заңсыз жиналуынан, өңделуінен, пайдаланылуынан немесе сақталуынан қауіпсіздігіне құқығы Конституцияның 21-бабымен кепілдендірілген. Бұл жаңашылдық Қазақстанның озық цифрлық мемлекет ретінде қауіпсіз дамуы үшін берік құқықтық негіз қалайды. Қабылданған өзгерістердің стратегиялық маңызын Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтіп: «Жасанды интеллект дәуірінде азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау - цифрлық мемлекетке деген сенімнің іргелі шарты. Бұл нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды сапалық жаңа деңгейге көтереді және жаңартылған Конституция технологиялардың тек адам игілігі үшін…
