Құрылтай сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Бір палаталы Құрылтай сайлауының Еxit poll нәтижесі жарияланды. Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Құрылтай сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен: 1. «Әділет» партиясы — 71,8%, 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 6,4%, 3. Respublica партиясы — 5,4%, 4. Қазақстан халық партиясы — 3%, 5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 5,1%, 6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,2%, 7. «Байтақ» жасылдар партиясы — 1, «Бәріне қарсымын» бағаны — 2,1%. Фото: Kazinform Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген. Сағат 20.41-дегі мәліметке қарағанда, Құрылтай сайлауына қатысушылардың үлесі — 74,19%. Kazinform…
