«Қазақ күшінің картасына» М.Нұрғазиннің рекорд тасы ақмолалық ойын Балуан тасы ретінде тіркелді
ПРЕСС-РЕЛИЗ Астаналық палуан Мұрат Нұрғазиннің әлемдік рекордтық тасы «Қазақ күшінің картасына» Ақмоланың «Ойын Балуан тасы» ретінде тіркелді. Бұл туралы «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті Абылайхан Қалназаров хабарлайды. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында қазақтың күш мәдениетіне қатысты маңызды тарихи оқиға болды. Атақты балуантасшы, күш өнерін дәріптеуші Мұрат Нұрғазин Күш атасынан өнеге болған күштік нөмірін жаңа салмақпен қайталап, 120 келілік бетон блокты кеудесіне қойып, денесінің «көпір» қалпын сақтай, 10 келілік балғамен сындыру арқылы өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Осы жетістікті GBR – The World Book of Records for…
