Спорт

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Еркін Ғаббасовты күміс медальмен құттықтады

«Еркін Ғаббасовты құрметті және көптен күткен марапатымен - Париждегі Паралимпиада ойындарының күміс медалімен құттықтаймын! Бұл сіздің табандылығыңыздың, белсенді өмірлік ұстанымыңыздың және еңбекқорлығыңыздың айқын дәлелі. Ақмолалықтар сізді мақтан тұтады. Жаңа жарыстарда одан да биік жеңістер тілеймін», - деп жазылған құттықтауда. Естеріңізге сала кетейік, Еркін Ғаббасовтың күмісі ұлттық құраманың Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медалі болды. Спортшы 10 метр қашықтыққа пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша Паралимпиада финалында өнер көрсетті.
Подробнее
Волейбол: Біржан сал мен Бұланды аудандары мемқызметшілері жолдастық кездесу өткізді

Волейбол: Біржан сал мен Бұланды аудандары мемқызметшілері жолдастық кездесу өткізді

Спорт күні мерекесіне орай "Жеңіс" спорт сауықтыру кешенінде Біржан сал мен Бұланды аудандары мемлекеттік қызметшілері арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Осындай командалық спорт түрлері қарым-қатынас, топтық жұмыс, көшбасшылық, шешімділік және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытады. Ең бастысы, олар ұжымдық ойлауға, топта бірге жұмыс істеуге үйретеді. Кездесу өте қызықты өтті. Ойыншылар сергектік алып, жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Кездесудің маңызды нәтижесі – қатысушылар алаңда өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, белсенді демалыс та алды.
Подробнее