Саясат

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ

Әлеуметтік желілерде «Әділет» партиясының атауын заңсыз пайдаланып, өзін партияның ресми өкілдігі ретінде таныстыратын жалған аккаунттар мен парақшалар анықталды. Бұл ресурстар арқылы партиялық билеттер беру, партия мүшелерін тіркеу және партияның қызметіне қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр. Аталған аккаунттардың «Әділет» партиясына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдейміз. Олар арқылы таратылатын кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды. Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз: adilet_partiyasy, t.me/adilet_partiyasy, https://adilet-partiyasy.kz. Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз. Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.…
Подробнее

Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың мүддесіне сай жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған саясатын қолдау деп қабылдаймыз. Бүгінде алдымызда халықтың игілігі үшін еңбек ету, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ету, заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту, елдегі оң өзгерістерді қолдау сынды ортақ мақсат тұр. «Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның даму жолындағы құндылықтарын қолдайтын барша азаматқа ашық. Біз бірге халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету жұмысын жалғастырамыз. 🔹🔹🔹 Партия «Әділет» выражает искреннюю благодарность руководству и членам партии AMANAT за принятое решение о…
Подробнее

Дауыс беру учаскесіне жеке өзі келу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін үйде дауыс беру (көшпелі дауыс беру) ұйымдастырылды

Бұл – азаматтарға өз конституциялық құқығын үйден шықпай-ақ жүзеге асыруға берілген маңызды әрі қолайлы мүмкіндік. Мұндай формат қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ дәлелді себептермен учаскеге келе алмайтын азаматтарға сайлау процесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Көшпелі дауыс беру барлық белгіленген талаптар мен ашықтық қағидаттарын сақтай отырып өткізіледі, бұл әрбір сайлаушыға өз таңдауын еркін әрі сенімді түрде жасауға мүмкіндік береді. ______ Для тех, кто не имеет возможности лично посетить избирательный участок, организовано выездное голосование на дому. Это важная и удобная возможность для граждан реализовать своё конституционное право, не выходя из дома. Такой формат позволяет обеспечить доступность избирательного процесса для пожилых людей, лиц…
Подробнее
Партияның Саяси кеңесінің мүшесі Дмитрий Павленко филиалдар құру тиімді партиялық жұмыстың маңызды шарты екенін атап өттi

Партияның Саяси кеңесінің мүшесі Дмитрий Павленко филиалдар құру тиімді партиялық жұмыстың маңызды шарты екенін атап өттi

  «Партияның өңірлік желісі орталық пен жергілікті жерлердегі азаматтар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Бұл кез келген саяси күштің тұрақты дамуы мен тиімді жұмысының берік негізі саналады», – деді ол. Съезд қатысушылары филиалдардың құрылуы партияның ел аумағындағы жұмысын жүйелеп, жаңа белсенділер мен жақтастарды тартуға, сондай-ақ өңірлердегі азаматтармен байланысты нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар «Әділет» партиясының филиалдарын құру және оларды есептік тіркеуден өткізу туралы шешімді бірауыздан қолдады.
Подробнее
II съезде қабылданған маңызды шешімдердің бірі — еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдарын құру және оларды есептік тіркеуден өткізу туралы шешім болды

II съезде қабылданған маңызды шешімдердің бірі — еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдарын құру және оларды есептік тіркеуден өткізу туралы шешім болды

Съезд делегаттары партияның толыққанды өңірлік желісін қалыптастыру бастамасын қолдады. Бұл желі Қазақстанның барлық облыстарын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларды қамтиды. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл қадам ұйымның дамуының жаңа кезеңін бастап, өңірлерде тұрақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Съезд қатысушылары заманауи саяси ұйым тек орталық басқару органдарының айналасында ғана құрылмай, азаматтармен күнделікті жұмыс істейтін, қоғам сұраныстарына жедел жауап беретін және өңірлердің өзекті мәселелерін шешуге атсалысатын мықты аймақтық құрылымдарға сүйенуі тиіс екенін атап өтті.
Подробнее
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

  «Әділет» партиясының II Съезінде қабылданған негізгі шешімдердің бірі партияның өңірлік филиалдарын Қазақстанның барлық өңірінде құру және есептік тіркеуден өткізу, сондай-ақ «Әділет» партиясы филиалы туралы ережені бекіту болды. Съезд делегаттары Қазақстанның барлық облыстарын және республикалық маңызы бар қалаларды қамтитын толыққанды өңірлік желіні қалыптастыру туралы шешімді бірлескен шешіммен мақұлдады. Бұл қадам партияның ұйымдық дамуының жаңа кезеңін бастап, оның өңірлердегі тұрақты қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Партия филиалы туралы ереже жобасын таныстырған партия Саяси кеңесі Бюросының мүшесі және съезд хатшысы Гүлзира Атабаева құжаттың қабылдануы партияның ұйымдық негізін қалыптастыруды аяқтап, өңірлік құрылымдардың қызметін ұйымдастырудың бірыңғай қағидаттарын айқындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, филиалдар аумақтық…
Подробнее

Сайлау учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеуде

Сайлау учаскелерінің жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылған, учаскелерде еркін әрі ашық дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Дауыс беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде. _______ Работа избирательных участков организована в штатном режиме, на участках созданы все необходимые условия для свободного и прозрачного волеизъявления. Голосование проходит спокойно и организованно, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
Подробнее
Мемлекеттік Әнұран – сайлау күнінің бастауы

Мемлекеттік Әнұран – сайлау күнінің бастауы

Дауыс беру күні сайлау науқаны дәстүрге сай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындаумен басталды, бұл аталған қоғамдық-саяси оқиғаның маңыздылығын айқындай түсті. _______ Избирательная кампания в день голосования традиционно началась с торжественного исполнения Государственного гимна Республики Казахстан, что подчеркнуло значимость данного общественно-политического события.
Подробнее

Сайлау күні туған күн иесіне құрмет көрсетілді

Донской ауылдық округі әкімінің сайлауы күні өзінің туған күнін атап өткен №257 сайлау учаскесінің сайлаушысы ерекше құттықтауға ие болды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Байдюсенова Гүлім Айтқожақызы туған күн иесін мерекесімен құттықтап, оған естелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар, зор денсаулық, бақыт пен амандық тіледі. Избиратель участка №257, отмечающий в день выборов акима Донского сельского округа свой день рождения, получила приятное поздравление. Председатель участковой избирательной комиссии Байдюсенова Гулим Айтхожаевна поздравила именинницу с праздником и вручила ему памятный подарок, пожелав крепкого здоровья, счастья и благополучия.
Подробнее

Заозерное ауылы әкімінің сайлауы

Бүгін Заозерное ауылы әкімінің сайлауы өтуде. Бұл – ауыл тұрғындары үшін маңызды әрі жауапты оқиға. Өйткені әкімнің қызметіне ауылдың одан әрі дамуы, өзекті мәселелердің шешілуі және тұрғындардың әл-ауқаты тікелей байланысты. Барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын саналы түрде жасауға шақырамыз. Әрбір дауыс маңызды, өйткені ол ауылдың болашағын айқындайды. _____ Сегодня проходят выборы акима села Заозерное. Это важное и ответственное событие для всех жителей села, ведь от выбора акима во многом зависит дальнейшее развитие данного села, решение насущных проблем и благополучие жителей. Призываем каждого жителя проявить гражданскую ответственность, прийти на избирательный участок и сделать свой осознанный выбор.…
Подробнее